loading
 
 

«Білік» газеті

1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?

2. Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?

  Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының «Стратегия Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.

  Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.


 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 363 қонақтар және 1 пайдаланушы 
 
 
 

"Орындаушылық өнер" кафедрасы: Профессор-оқытушылар құрамы

Дүкенбай Назымбек Сәбитұлы 1948 жылы қарашаның 28 Лебяжі ауданында дүниеге келді. Павлодар музыкалық колледжін бітіріп Ы. Алтынсарин атындағы қазақ  мектеп-интернатында өз мамандығы бойынша үрлемелі аспаптар оркестрін үйымдастырып, жетекші болды. 1970-1974 жылдары С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтының жалпы орта мектебінің музыка мұғалімі мамандығын тәмәмдады.

2010 ж. «ҚР мәдениет қайраткері».

Ғылыми дәрежесі: ПМУ доценті

Еңбектері: ЖОО-ы «Музыкалық білім» мамандығы бойынша «Музыкалық білім беру теориясы» атты оқу құралы, соавтор Ә.Әміренов (120 бет.); - Астананың 10 жылдығына арналған Ғ.Жұматов ақынмен бірігіп «Астана асқақ - әсем ән» ән жинағы және компакт-диск; Павлодар облысының 70 жылдығына арналған Қ.Смагуловтың өлеңдеріне жазылған «Жырлайды жүрек» атты ән (80 бет.); - «Жастар және патриоттық тәрбие» атты жинақ жастарды патриоттық тәрбиеге арналған ән және музыкасының авторлық әндер жинағы; ЖОО-ы үшін ф.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті Г.Дүкенбаймен бірігіп «Музыкалық білім» мамандығына арналған «Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы» (104 бет) атты оқулық және «Педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениеті» атты оқы құралдарын жазды (120 бет).

Композитор ретінде балаларға, жастарға арналған 100 аса әндерінің авторы.

1982 ж. «КСРО АООМ үздік жетістіктері үшін» белгісімен марапатталды.

2003 ж. ҚР ЖОО арасындағы «Үздік музыка мұғалімі» ГРАН-при иегері (ҚМҚызПУ. Алматы қ.).

2006 ж. «ЖОО үздік оқытушысы» және ҚР БҒМ Мемлекеттік Гратының иегері.

2010 жылы ҚР Мәдениет министлігінің «МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ» атағы және төс белгісінің иегері.

2010 ж. жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 тамыздағы шешімімен университетке сіңірген зор еңбегі үшін «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атындағы Алтын медалімен марапатталды.

Еңбек өтілі: 45 жыл.

Байланыс телефон: (8 701 142 53 54)

E-mail: Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.


ЕНГИЛИКА ЖҰМАТАЕВА – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетіне қарасты Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологияларының ғылыми-практикалық орталығының директоры.

Е.Жұматаеваның Білім және педагогика ғылым саласында ерекше еңбегі үшін мынадай наградалармен: «Қазақ ССР халық ағарту ісінің одақ қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин», «Ана тілі», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбек үшін» медальдарының иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды.

2005 жылы Қазақстан Республикасының жетекші ғалымдар құрамына енгізілді.

2005 жылдың сәуір айынан 2007 жылға дейінгі аралықта ҒПО директоры Е.Жұматаева Астана қаласындағы ЕАГИ–да диссертациялық  кеңестің мүшесі болды. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласындағы Букетов атындағы ҚарМУ диссертациялық кеңестің мүшесі.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Е.Жұматаева 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша 7 кандидаттық және докторлық зерттеу жұмыстарына оппонент болып, Астана, Алматы, Атырау, Түркістан, Қарағанды қалаларындағы кеңеске қатысты. Ғалымның жетекшілігімен 4 кандидаттық диссертация қорғалды, 28 ізденуші ғылыми жұмыс жазуда.

Халықаралық ғылыми-педагогикалық «Ұлт тағылымы» және «Тәрбие құралы» журналдарының, ЖАК ұсынылған «ПМУ хабаршысы» журналының  Педагогика сериясының редакция алқасының мүшесі.

120-дан астам ғылыми мақалалар, оқу құралдар, оқулықтар, монографиялар және екі ғылыми жобалардың  авторы.

2006 жылы «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі басқарудың білімдену инновациялық технологияларын іске асыру» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған ғылыми жобаның 3 миллион теңге грантының иегері, мемлекеттік тапсырысы бойынша өткізілген «Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдардағы тұрақты дамуының негізі – ұлттық мұраттар негізіндегі қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламалары» атты байқауына қатысып, «Қазақстан қоғамының көпұлтты консолидациясы – жалпы адамзаттық мұраттар негізі» тақырыбы бойынша 3 миллион теңге гранты ұтып алды.

2006 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының педагогикалық білім беру халықаралық ғылым Академиясының (ПБХҒА-ның) корреспондент-мүшесі және академигі болып сайланды.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің үздік ғалымы атанды.

2007 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері.

2007 жылы «Үздік оқытушысы» конкурсының «Үздік профессор» номинациясының иегері.

2007 жылы Новосібір қаласындағы сәулет институтының қызметкерлерімен бірлесе отырып қызмет жасауға келісім шартқа отырды.

2008 жылы Омбы қаласындағы Мемлекеттік университетінің қызметкерлерімен бірлесе отырып қызмет жасауға келісім шартқа отырды.

2008 жылы ФИДЖИП президентінің шақыруымен Францияда өткен халықаралық ғылыми семинарға қатысты.

2008 жылы педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін алтын медальдің ұсынылуымен Ы.Алтынсарин атындағы ҚР БҒМ бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлығының жеңімпазы.

Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 тамыздағы шешімімен университетке сіңірген зор еңбегі үшін «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атындағы Алтын медалімен марапатталды және «Құрметті кафедра меңгерушісі» атағы берілді.

Байланыс телефондары:

Электрондық мекен-жай: Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.


Аты-жөні: Айтбаев Ербол Хамитович

Ғылыми дәрежесі: ПМУ профессоры.

Атағы: Мәдениет қайраткері.

Білімі: жоғары, 1997 ж. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерватория.

1995 ж. А.Қашаубаев атындағы ҚР ІV Республикалық байқаудың лауреаты; 1998 ж. Ж.Елебеков атындағы І Республикалық әншілер байқауының лауреаты.

«Алқара көк» компакт-диск шығарған.

Оқытатын пәндері: 050106 «Музыкалық білім» мамандығы үшін дауысты қою, домбрамен жеке ән айту.

                                    Еңбек өтілі: 12 жыл, оның ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ — 9 жыл.


Аты-жөні: Каримов Талғат Баритович

Ғылыми дәрежесі: ПМУ доценті.

Атағы: Мәдениет қайраткері.

Білімі: жоғары, 1996 ж. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерватория. 1993-1996 жж. Консерватория студенті бола отырып, СССР Артисі, профессор Н.Тлендиевтің басшылығымен «Отырар саз» фольклор-этнографиялық оркестрінде ойнаған.

Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде құрмет және мадақтау қағазымен марапатталды.

Оқытатын пәндері: «Музыкалық білім» және «Аспапта орындаушылық» мамандықтары үшін оркестрлік класс, мамандық, камералық ансамбль, квартеттік класс.

Ғылыми еңбектері: 10 мақала

Еңбек өтілі: 13 жыл, оның ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ – 10 жыл.

Байланыс телефоны: 673685 (1143).


Аты-жөні: Негманова Унзиля Қабдыл-Қазизовна

Атағы: Мәдениет қайраткері.

Ғылыми дәрежесі: С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті.

Білімі: жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерватория.

Мамандығы: хор дирижоры, дирижор-хор оқытушысы.

Лауазымы: орындаушы өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Оқытатын пәндері: Хор пәнін оқыту әдістемесі, хорды аранжировкалау, хорды дирижерлау.

Ғылыми еңбектері: 6 ғылыми мақаласы бар.

Еңбек өтілі: 37 жыл, оның ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ — 6 жыл.


Аты-жөні: Орынбаев Жаскайрат Кайдарович

Атағы: Мадениет қайраткері

Лауазымы: орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Білімі: жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы.

«Шабыт» (2008 ж.) халықаралық конкурсының лауреаты, «ӘЛ-ӘКИ» фольклорлық ансамблінің жетекшісі.

Оқытатын пәндері: негізгі музыкалық аспап, қосымша музыкалық аспап, оркестрлік класс.

Еңбек өтілі: 15 жыл, оның ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ — 6 жыл.


Аты-жөні: Ставская Антонина Дмитревна

Ғылыми дәрежесіС.Торайғыров атындағы ПМУ доценті.

Білімі: жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерватория.

Мамандығы: вокальді, камералы, опералық әншісі.

Лауазымы: Орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Оқытатын пәндері: Музыкалық білім мамандығы үшін: Дауысты қалыптастыру, вокал.

                                Байланыс телефоны: 673685 (1143).


Аты-жөні: Макышбаева Гүлнафис Төлебековна

Білімі: жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерватория.

Лауазымы: орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Еңбектері: «Музыкалық білім» мамандығына арналған «Мамандыққа кіріспе» оқу-әдістемелік құралы, 15- мақала.

Оқытатын пәндері: Хорды дирижерлау, хор әдебиеті.

Еңбек өтілі: 15 жыл, оның ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ — 8 жыл.

                                   Байланыс телефоны: 673685 (1143).


Аты-жөні: Акаева Айнагүл Төлегеновна

Білімі: жоғары, 1996 ж. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерватория.

Мамандығы:Музыкалық-концертті ұйымдастырушы.

Қызметі: Орындаушы өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Оқытатын пәндері: 050106 «Музыкалық білім» және 050402 «Орындаушылық өнер» мамандығы үшін музыкалық-теория және музыка-тарихи циклдары.

 Наградалары, мақтау қағаздары: 2003 ж. Қазақстан Респубикасы Білім және ғылым Министірінің құрметті мақтау қағазы, 2001 ж. Облыс әкімінің мақтау қағазы; 2005 ж. Қазақстандағы шағын халықтар Ассамблемясының төрайымы, Қазақстандағы Герман өкілетінің естелік күміс медалі, 2005 ж. Павлодар қаласының әкімінің мадақтау хаты, Республикалық фестивалі мен байқауының І және ІІ дәрежелі («Жаңа есімдер», «Ертіс жұлдыздары») дипломының иегері. Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 тамыздағы шешімімен университетке сіңірген зор еңбегі үшін «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атындағы Алтын медалімен марапатталды.


Ф.И.О: Рахимжанов Болат Сагатұлы

Туған жылы, айы, күні: 02.01.1958 ж. Павлодар қ.

Ғылыми дәрежесі: ПМУ профессоры.

Атағы: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»

Білімі: жоғары музыкалық кәсіби (опера-симфониялық дирижеру, хор дирижеры).

Жалпы жұмыс өтілі: 22 жыл, ПМУ-да: 7 ж.

1977-1980 жылдары – Павлодар музыкалық колледжінде (хор дирижеры).

1980 -1985 жылдары – Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясы (хор дирижерлық факультеті).

1985-1988 жылдары - Ашрафи атындағы мемлекеттік консерваториясы (Ташкент қ, опера-симфониялық факультеті).

Кәсіби іс-әрекеті: 1987-1990 жылдары – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры оркестрінің дирижеры.

1999-2000 жылдары  К.Бәйсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театры оркестрінің дирижеры (Астана қ).

2001-2003 жылдары К.Байжанов атындағы Қарағанды мемлекеттік филармониясында көркем жетекшісі және бас дирижеры.

2003 жылдан бастап Павлодар облысы симфониялық оркестрдің көркем жетекшісі және бас дирижеры. ҚР Президентінің бұйрығы бойынша «Қазақсатнның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді

Байланыс телефоны: 673685 (1143).


Попандопуло Михаил Павлович

Ғылыми дәрежесі: С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті. Өнертану ғылымдарының кандидаты атағына ізденуші.

Білімі: 1991 – Павлодар музыкалық училищесі, 1996 – Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваториясы. ПМПИ 1996 жылдан бастап аға оқытушысы, кейін ПМУ-да «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті, жалпы хор дирижеры.

Лауазымы: Орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Ғылыми еңбектері: 12 әртүрлі конференцияларда жарық көрген.

Ғылыми-педагогикалық өтілі: 14 жыл.

Оқытатын сабақтар: хор партитураларын оқыту, хорды дирижерлау, синтезаторда ойнауды оқыту, хор класы.

                                       Байланыс телефоны: 673685 (1143).


Аты-жөні: Анишева Гульжан Магауяновна

Білімі: Жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы.

Лауазымы: Орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Еңбектері: 25- мақала.

Оқытатын пәндері: Хорды дирижерлау, хор шеберлігі.

Еңбек өтілі: 15 жыл, оның ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ — 11 жыл.

Байланыс телефоны: 673685 (1143).



Аты-жөні: Сулейменова Гульжан Кабдолловна

Білімі: Жоғары, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы.

Лауазымы: Орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы.

Еңбектері: «Фортепианода жеке ойнау әдістемесін оқыту» оқу-әдістемелік құралы, 15 мақала.

Оқытатын пәндері: «Мамандық», «Камералық ансамбль», «Концертмейстерлік класс», «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі», «Негізгі музыкалық аспап», «Аспаптық орындаушылық».

Еңбек өтілі: 23 жыл, оның ішінде С.Торайғыров атындағы ПМУ — 5 жыл.

Байланыс телефоны: 673685 (1143), 60-52-25 (үй)


Балажанова Қымбат Магитайқызы

Туған жылы, айы, күні: 03.04.1979 жыл

Білімі: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Музыкалық білім» маманы және екінші мамандығы «Психология» маманы. Өнертану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденуші.

Ғылыми еңбектері: Халықаралық және республикалық деңгейлердегі конференцияларда 8 мақала, «Музыкалық білім» мамандығына арналған «Мамандыққа кіріспе» және «Музыкалық этнография» атты оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді.

Оқытатын пәндері: Қазақ музыкасының тарихы, әлем музыкасының тарихы, Павлодар Ертіс өңірінің ән мәдениеті.

Марапаттаулары: Университеттің Ғылыми Кеңесінің 2011 жылғы желтоқсан айындағы шешімімен университетке сіңірген зор еңбегі үшін «Сұлтанмахмұт Торайғыров» атындағы «Алтын медалімен» марапатталды.

                                     Байланыс телефоны: 673685 (1143).

 
 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2013
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 

Мәдени мұра

 
                                           
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: