Кафедраның құрылу тарихы
Журналистика кафедрасы 2006 жылы 5В050400 – «Журналистика», 6М050400 – Журналистика және 6М091000 - «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша шығарушы кафедра болып қайта құрылды.
Бұл мамандықтар 2001-2008 жылдары ашылған.
Кафедраның мақсат-міндеті журналистика тарихы және теориясы мен практикасын игеру бағытындағы мамандарды дайындауға икемделген.
Кафедра Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы», «Звезда прииртышья» газеттерімен, сондай-ақ «Қазақстан-Павлодар» теле және радио бірлестіктерімен тығыз қарам-қатынаста жұмыс істейді.
Кафедра жетекшісі - ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Ибраев М.А.

Т.А.Ә.: Ибраев Марат Аубакирович
Лауазымы: кафедра меңгерушісі
Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: доцент
Білімі: жоғары, С.М. Киров атындағы ҚазМУ, мамандығы – «Журналистика», 1982
КарГТУ, «Экономика» мамандығы, 2002.
Оқытатын пәндері: Интерактивное телевидение: формирование современного контента, Язык и стиль СМИ, Телерадио-журналистика, Мастер класс по журналистике
Жұмыс өтілі: 31жыл, С.Торайғыров атындағы ПМУ-да - 2013 жылдан бастап
Ғылыми еңбектер тізімі: 12
1. Телевидение в условиях демократизации общества: педагогика регионального аспекта
2. Региональное телевидение как субъект демократических преобразований
3. Менеджмент региональных СМИ – проблемы и перспективы.
«СМИ в изменяющемся мире. Региональный аспект» кітабы авторы.
Ғылыми зерттеу саласы: ҚР телерадиохабар кешені, электрондық БАҚ-тың (аймақтық аспект) дамуының мәселелері
Кәсіби жетістіктері: «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» (2008), «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі (2011), "Облыс алдындағы сіңірген еңбегі үшін" медалі (2013).
Қосымша мәліметтер: ҚР Журналистер одағы мүшесі
Байланыс телефоны: ішкі 1245, 673623
Кафедраның жетістіктері
2015–2016 оқу жылында оқытушылар құрамы саны – 11 адам, оның ішінде 1 тарих ғылымдарының докторы 1 профессор ЖАК, 8 ғылымдар кандидаты, 3 профессор, 4 қауымдастырылған профессор (доцент), 2 аға оқытушы. Кафедрада «Журналистика», «Кітапхана ісі» мамандықтары білім алушыларына арналған фундаменталдық және арнайы пәндер циклі бойынша оқу-әдістемелік кешендер даярланды. 2015-2016 оқу жылында кафедра «Журналистика», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша оқытудың күндізгі түрінде 35 адам, сырттай түрінде 3 адам және магистратурада 4 магистр шығарды. Оқытушылар мен білім алушылар әртүрлі деңгейдегі конференцияларға қатысты.
«Журналистика» мамандығы студенті Кульмаганбетова Айгуль ҚР Тұңғыш президенті – Ұлт көшбасшысы қорының стипендиаткасы атанды.
Жур-201 тобы студенттері Нығметолла Д., Ерманат А., Анасова Д. 2016 ж. наурыздың 25-29 аралығында аль Фараби ат. ҚазМУ базасында өткен Республикалық журналистік шеберлік бойынша олимпиадаға қатысып, 3 орынға иеленді. Жетекші – ф.ғ.к, профессор Еликпаев С.Т.
Кафедраның орналасқан мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі 64, А корпус, 262 каб.
Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы
Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары














































