Ә.Х. Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығы: Орталықтың қызметкерлері
Виктор Карлович Мерц, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Ғылыми қызығушылық саласы – тас ғасыры мен жалпы алғашқы қауым археологиясы, антропогенез бен культурогенез проблемалары, өнердің шығуы. 1988 жылы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ескерткіштерді қорғау бөлімінің жанынан археологиялық экспедиция ұйымдастырып, Ертістің Павлодар өңірінің аумағында археология ескерткіштерін зерделеп, қорғау жұмысын басқарды. 2001 жылы Қ.Р.Б.Ғ.М Ә.Марғұлан атындағы археология институтының қолдауымен археологиялық зерттеулер орталығының жұмысн ұйымдастырды.
Бірқатар бірегей археологиялық ескерткіштер ашты, солардың ішінде елеулері – 2005-2006 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша зерделенген Шідерті 3 тас ғасырының көп қабатты тұрағы, ерте қала дәуірінің ескерткіштері, Ақбидайық алқабындағы жартас суреттері – Қазақстан аумағындағы ең көнелердің бірі – Лебяжі селосы жанындағы Ертіс көне террасасының шөгінділерін жасалған тас қаруларының орны.
Қазақстан және Россия археологиясы жөніндегі көптеген республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми – зерттеу жобаларына қатысқан. Қазақстан, Россия мен Германияның бірқаатр ғыылми басылымдарында жарияланағн елуден астам ғылыми еңбектердің авторы, Ертістің Павлодар өңірінің археология ескерткіштерін зерделеуге арналған ғыылми мақалалардың бірнеше жинағының редакторы. Қазір Солтүстік – Шығыс Қазақстанның сонау көне заманнан орта ғасырға дейінгі мәдени-тарихи дамуының тұжырымдамасын, археологиялық ескерткіштер кешенін зерделеу және солардың негізінде ашық аспан астында тарихи-археологиялық мұражайлар кешендерін құру жобаларын жасаумен айналысуда.
Суретші, Донецк мемлекеттік көркемсурет училищесін суретші-безедендіруші мамандығы, Павлодар университетін дизайнер мамандығы бойынша бітірген. Павлодар көркемсурет мұражайы мен Бугаев үйіндегі екі жеке көрменің авторы, VII халықаралық «Шабыт» фестивалінің (Астаан қ) дипломымен марапатталған. Қызығушылық саласы: дизайн, өнер, археология, фотография, керамика.
Елена Константиновна Тушева, Ә.Х.Марғұлан атныдағы археологиялық зерттеулер орталығының кіші ғылыми қызметкері, тарих магистрі, Павлодар мемлекеттік университетін тарих бакалавр дәрежесінде, Алтай мемлекеттік университетін «Неолитические памятники Кулундинской равнины» тақырыбында магистрлік диссертация қорғаумен аяқтады. Ғылыми қызығушылығының саласы – тас ғасыры, неолит дәуірі, неолит тайпаларының культурогенезінің проблемалары, археологияда трассологиялық әдісті қолдану.
тел. (8-718-2) 57-78-98 E-mail
Осы e-mail мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарастыру үшін Сізде Javascript қосылу керек.
ICQ 290-924-325
5 қазанда «Биржалық симулятор» жобасы жұмысын бастайды – бұл виртуалды бағалы қағаздардың саудасы нақты шарттарында. ПГУ-дiң студенттерiн белсендi қатысуға шақырамыз. Асығыңыздар! Қатысушылардың саны шектелген! Жазылу жүргізіледі 27 және 28 қыркүйек аралығында 511 аудиториясында.
С.Торайғыров атындағы ПМУ ПОҚ арасындағы «Үздік оқытушы» конкурсына қатысу үшiн Сiздiң факультетiңiздiң (доктор, кандидаттар, аспиранттар, iзденушiлер және магистранттар) профессор-оқытушы құрамының конкурстық материалдарын көрсетіп, конкурсқа қатысты барлық мәлiметтерді маркетинг және коммерциализация бөлiмiнде немесе psu.kz сайтында алуға болады (каб.127, іш.н: 1286 ).
Білім беруді ақпараттандыру орталығы 2012 ж. 8-10.10 аралығында «3D Studio MAX» бағдарламасы бойынша университеттің Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті және Сәулет-құрылыс факультетінің ПОҚ курсына шақырады. Оқытушылардың тізімін 05-ші қазанға дейін қабылдаймыз.
Білім беруді ақпараттандыру орталығы 2012 ж. 01-03.10 аралығында «Оқу үрдісінде интербелсенді жабдықты қолдану» бағдарламасы бойынша ПОҚ біліктілігін арттыруға арналған тәжірибелік оқыту курсына шақырады. Оқытушылардың тізімін 28 қыркүйекке дейін қабылдаймыз.
Білім беруді ақпараттандыру орталығы 2012 ж. 17-19.09 аралығында
INTEL® "Болашақ үшін оқыту" бағдарламасы бойынша XXI ғасырдың ақпараттық
және білім беру технологияларына кіріспе курсына шақырады. Курстың
соңында сертификат беріледі. Қатысушылардың тізімін 14 қыркүйекке дейін
қабылдаймыз.