Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығы

Мағаш Аятханұлы

Мамандығы - биология. Университетте оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, проректор, ғылыми орталық директоры қатарлы лауазымды қызмет атқарған.

1978 жылы биология ғылымдарының кандидаты, 1990 жылы биология ғылымдарының докторы дәрежесін алуға арналған диссертацияларын Берлин қаласындағы Гумбольдт атындағы университетте қорғаған. Мал, жануарлардың өсіп өну биологиясы мен биотехнологиясы (ұрық көшіріп отырғызу) саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді.

1986 жылы доцент, 1992 жылы профессор атағы берілген. 1998 жылы Монғолия Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесіне, 2000 жылы Ауылшаруашылығы ғылым академиясының академигіне сайланған.

12 оқулық, оқу құралдарының, 11 монография, кітаптардың және 200-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. «The Yak», «Der Yak in zentrallen Asien», «Қос өркеш түйе» айдарлы ағылшын, неміс және монғол тілдерінде жазылған монографиялары - халықаралық деңгейде жоғары бағаланатын ғылыми еңбектер. Монғолия мен Қытайдың (ішкі Монғолияның) жоғарғы оқу орындарында негізгі оқулық ретінде қолданылатын «Мал, жануарлар акушерлігі және көбею биотехнологиясы» оқулығы мен оқу құралы қайта басылып шыққан. Ғылыми мақалалары мүйізді ірі қараның өсіп өну физиологиясы мен биотехнологиясы мәселелері бойынша жарық көрген.  

2 докторлық диссертацияның ғылыми кеңесшісі, 8 кандидаттық және 9 магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі болған.

Монголияның «Алтын жұлдыз» ордені, «Сіңірген еңбегі үшін» және Халық революциясының мерей тойлары медалдарымен марапатталған. «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен сыйланған.

2004 жылдың қазанынан бастап биотехнология орталығының директоры болып жұмыстайды.

Қысқа тарихы

2004 жылы «Асыл» ғылыми-тәжірибелік орталығы Биология, химия факультетінің қасында алғаш құрылған. Генетика және биотехнология кафедрасының меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Т. К. Бексеитов, зоотехник Қ. Д. Жанайдаров, биотехнолог-селекционер Р. Б. Абельдиновтар   орталықтың негізін қалаушылар болған.

2005 жылы «Асыл» ғылыми-тәжірибелік орталығы Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығы болып өзгертілген.

2007 жылы заманауи құрал, жабдықтар мен дәрі-дәрмектер Германиядан (Бавария, Нойштадт Айш) әкелініп, Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығында мүйізді ірі қараның эмбрионын көшіріп қондыруға арналған жаңа зертхана бой көтерді. Орталықта директор, 2 аға ғылыми қызметкер, 3 кіші ғылыми қызметкер, лаборант жұмыс істейді. 

Мақсаты және жұмыс бағыттары

Биотехнология ғылыми-тәжірибелік орталығының негізгі мақсаты – өңірдегі мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін артыру үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдаланып мүйізді ірі қараның нәсілдік және тұқымдық сапасын жақсарту, сүт, ет өнімін молайту болып табылады. Сондықтан біздің орталық фермерлер, жеке шаруашылық қожалықтар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктермен жасалған келісім шарт негізінде төмендегі бағаттар бойынша  ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізеді:

  • сұрыптап, таңдап өсіру арқылы жекеленген және топтасқан шаруашылақтарда жылқы және мүйізді ірі қара малдың нәсілдік және тұқымдық сапасын жақсарту,
  • биотехнологиялық тәсілмен сүрлем дайындау және оны сауын сиырларының сүтін, бордақылайтын малдардың ет шығымын молайту үшін қолдану,
  • ұрықты көшіріп отырғызу (эмбриондарды трансплантациялау) биотехнологиясын сиыр шаруашылығына қолдану,
  • студенттердің дипломдық және ғылыми жұмыстарына жетекшілік ету, өндірістік тәжірибелерін өткізу,
  • мал шаруашылығына қажетті кейбір мамандарды дайындау үшін қысқа мерзімді оқу (курс) ұйымдастыру т.б.

Ғылыми еңбектер

2005-2008 жылдары ғылыми қызметкерлер 24 рет халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, баяндама жасады. Конференциялық жинақтар мен жетекші университеттердің ғылыми журналдарына 49 мақала жарияланды.

Орталық ғалымдарының жазған қазақ тіліндегі 2 оқу құралы мен орыс тіліндегі 2 оқу әдістемелік материалы және 1 монография баспадан шықты. 

Ғылыми қызметкерлер өздерінің зерттеулері мен тәжірибелеріне сүйеніп өндіріске арналған 3 ұсыныс жасады.

Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен «Биология» және «Зоотехния» мамандығы бойынша оқитын 11 студент диплом қорғады.

Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің жетекшілігімен 2 «Прометей» жобасына 8 студент қатысты.

Басқа жұмыстар

Евроодақтың «Темпус» жобасы бойынша «Солтүстік Азия елдерінде мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін магиср дайындау» атты кіші жоба жеңіп алынған. Осы жобасының қаражатымен  Қазақстанның 10 магистранты Монголия ұлттық университетінде Франция, Бельгия, Италия  профессорларының жетекшілігімен, Евроодақтың бағдарламасы бойынша ағылшын тілінде өткізген магистратурада оқып,  халықаралық ғылым магистры дипломын алды.

Мүйізді ірі қараның ұрығын көшіріп қондыру бойынша Бавария Нойштадт Айштағы Тұқым бірлестігімен бірігіп жұмыстау туралы келісім шарт жасалды

Мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыратын техниктің төлемді оқуы өткізілді. Оқуға облыстың жеке қожалықтар мен топтасқан шаруашылықтардан 30 маман қатысып, сиырды ұрықтандырушы-техник сертификатын алды

Марапаттар

М. Аятханұлы және Т.К.Бексеитов «Қазақстанның ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» кеуде белгісімен марапатталды.

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінен «Үздік инновациялық жоба»  дипломмен марапатталды.

Кадр әлеуеті

Орталықта 2 ғылым докторы, профессор, 1 ғылым магистрі агроном, 2 ғылым магистрі зоотехник-селекционер, 1 биотехнолог-селекционер және 1 лаборант жұмыстайды.

Ғылыми-тәжірибелік жұмыстар

Орталықтың ғылыми қызметкерлері шаруашылықтық келісім шарт негізінде 5 тақырып бойынша ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізеді:

Бексеитов Тоқтар Кәрібайұлы,
ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, 
профессор, аға ғылыми қызметкер.

Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы: Қазақтың Жәбе жылқысын  ауыржүк тұқымдарымен будандастыру.

Жайылымдық жылқы шаруашылығы - Қазақстанның мал шаруашылығының маңызды саласы. Қазақтың Жәбе тұқымды жылқысы елімізде негізгі жылқы тұқымы болып табылады. Ғылыми зерттеулеріміздің мақсаты  жылқының байырғы тұқымының ет сапасын арттыру. Олардың тірідей салмағы биелерде тек қана 350-370 кг, айғырларда 370-400 кг болса, онда оларды сәйкес келетін ауыржүк бағытындағы тұқымдармен будандастыру арқылы  биелерінің тірідей салмағын 400-450 кг-ға, айғырларынікін 450-500 кг-ға жеткізуге болады. 

 Т. К. Бексеитов пен Т.Ш. Асанбаевтың жетекшілігімен жүргізілген мақсатты тұқымдық жұмыстың арқасында ЖШС «Акжар-Өндіріс», ҰШ «Ақшиман», ҰШ «Алтай-Қарпық» Жәбе жылқысы бойынша тұқымдық шаруашылығы мәртебесін алды. Облыс бойынша барлығы 4 мыңға жуық бас тұқымдық жылқы бар деп есептелінеді.

Молдахметов Шектібай Молдахметұлы,
аға ғылыми қызметкер,
ғылыми-агроном.

Аир лотус, тікенді лотус (пышан) өсімдіктерінен дайындалған көк балауса мен сүрлемді негізгі рационға қосып беру арқылы бордақылаған өгізшелердің ет шығымын молайту және сиырдың сүтін көбейту мақсатында шаруашылықтық келісім шарт арқылы жұмыс өткізілуде.

Өгізшелерді бордақылау кезінде негізгі рационы ірі жемшөп пен 3,0 кг қоспа- жем құрайды, осы рационмен бір ай жемдегенде өгізшенің орташа салмағы 21,0 кг жетті.

Ал осы азыққа тағы 7,0 кг көк балауса және 4,0 кг қоспа-жем қосып жемдегенде салмағы 30,0 кг дейін артылады.

Бұл негізгі рационмен бордақылаған өгізшелердің салмағынан қосымша 5,0-10,0 кг көп екендігін көрсетеді.

Саунды сиырдың негізгі рационы ірі жемшөпке 3,0 кг қоспа-жем қосып бір ай жемдеген кезде тәуліктік сүт мөлшері 18,0-29,0 пайызға көбейсе, осы рационға қосымша 8,0 кг көк балаусамен 5,0 кг қоспа-жем қосып азықтандырғанда сиырдың сүті бұрынғысымен салыстырғанда 48,0-56,0 пайызға молайды. 

Демек, аир лотус көк балаусасы және қоспа-жем азықтары сауын сиырдың тәуліктік сүт көлемін бақылау тобынан 4-6 литр қосады. 

Жанайдаров Қылышбай Дакенұлы,
кіші ғылыми қызметкер, ізденуші.
Симментал және әулиекөл тұқымды сиырлардың тұқымдық және өнімдік қасиетттерін арттыру бағытында зерттеу жұмыстармен айналысады.

Симментал тұқымды сиырлардың тұқымдық және өнімдік қасиетттерін арттыру тақырыбы бойынша  Абай атыңдағы ЖШС – те (І 102 ГЗ)  кілісім шартты жұмыс өткізілді.

2000 жылға дейін 1сиырдың орташа өнімділігі 2000 кг сүттен аспайтын еді.Шығыс – Қазақстан облысынан және Песчан тұқым зауытынан алынған  құнажындар сұрыптап өсірілді.Олардың сүт өнімі I лактациядан  бастап  симментал  тұқымды сиырлардікінен жоғары болды.

2003 жылы асыл тұқымды  симментал сиырларының 3 лактация көрсеткіштері стандартан мол өнім бергенінің нәтижесінде серіктестік асыл тұқымды мал шаруашылық дәрежесін алды.

2008 жылы бір сиырдан орташа 3,8 пайыз майлы 3050 кг сүт сауылды. Голштин бұқаларымен будандастырылған сиырлардан алынатын өнім 3-4 лактациядан бастап 4000 кг-ға жетті, майлығы 3,86 – 3,9 пайыз.

Сиырдың сүт өнімінің орташа өсу көрсеткіші

Әулиекөл тұқымды ірі қара мал Солтүстік Қазақстанда шығарылған, қазақтын ақбас сиырларын абердин – ангус және шароле бұқаларымен  ұрықтандыру арқылы шығарылған. 1992 жылы жеке тұқым болып бекітілген.

Шаруа қожалығында кәзіргі уақытта 2006 жылығы 73 бас құнажын, 2007 жылғы 62 бас  құнажын, 10 бас бұқа, 2007 жылғы 54 бас асыл тұқымды бұқашықтар бар. Павлодардың солтүстік өңірінің ауа – райы жағдайына жақсы бейімделген. 73 бас құнажын желтоқсан айынан бастап төлдейді. Әулиекөл тұқымды ірі қара малды сұрыптап өсіру бағытында ғылыми – тәжірибелік жұмыс ары қарай жалғасады.

 Сейтеуов Талғат Қозыбақұлы,
кіші ғылыми қызметкер, ізденуші.
Сиырдың эмбриондарын көшіріп қондыру биотехнологиясымен  айналысады.

«Мүйізді ірі қара малдың эмбриондарын көшіріп қондыру» тақырыбы бойынша Павлодар ауданы «Киров» атындағы ЖШС-те  келісім-шартты (№4ГЗ) жұмыстың алғашқы кезеңі атқарылды. 

Зерттеу жұмысының алғашқы қортындысы бойынша тәжірибе өткізілген сиырлардың жатырынан барлығы 53 эмбрион шайып алынған. Бұл бір сиырдан орта есеппен 6,6 эмбрион алуға болатынын көрсетеді. Барлық алынған эмбриондардың 79,4 пайызын морула, кенже бластоцист мен бластоцист, 18,8 пайызын кенже морула, 3,8 пайызын ұрық тоқтамаған жұмыртқа торшалары құрайды. Бұдан қарағанда, алыңған эмбриондардың 79,4  пайызы көшіріп қондыруға жарамды, 20,6 пайызы жарамсыз екені анықталады. Демек, бір донор сиырдан алған эмбриондарды 4-5 реципиент аналыққа көшіріп қондыру арқылы сапалы, өнімі мол төлдің санын қысқа мерзімде көбейтуге толық мүмкіндік бар деген қортынды шығаруға болады. 

Келесі кезекте эмбриондарды көшіріп қондырып, донор сиырдың нәсілдік және тұқымдық  құнды бұзау алу көзделіп отыр.