Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

“Қозғалтқыштар мен жол қозғалысын ұйымдастыру” кафедрасы

Кафедра басшылығы

Кафедра меңгерушісі – РФ мен ҚР техника ғылымдары докторы, «Көлік» мамандығы бойынша ҚР ЖАК профессоры Абылхан Қосмырзаұлы Қарақаев.

  270 –тен аса ғылыми еңбектері, КСРО мен РФ 70 өнертабыстарына берілген авторлық куәліктері мен патенттері және Қазақстан Республикасының 25 патенті мен 16 алдын-ала (инновациалық) патенті бар.

Мәскеудегі IGIP 37 Халықаралық Симпозиуінде (37 th International IGIP Symposium in Moscow - September, 7-10, 2008) А. Қ.Қарақаевқа IGIP Халықаралық педагог-инженер екені жөнінде 2 Сертификат беріліп, өзі IGIP Халықаралық регистріне енгізілген. (IGIP-Internationale Geselschaft fur Ingenieurpadagogik – International Society for Engineering Education – Инженерлік педагогика бойынша Халықаралық қоғам).

 Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері, ҚР БжҒМ «ҚР ғылымын дамытудағы үлесі үшін» белгісімен марапатталған, ҚР БжҒМ 2007 ж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грантының иегері. «Павлодар облысының үздік инновациалық жобасы» байқауының жеңімпазы.  

 

 

Кафедраның ғылыми зерттеулерінің тақырыбы 

1. Эксплутациядағы дизельге отын жүйесін жасау мен енгізу және инновациялық өндіріс және отын жүйесін жөндеу заводы үшін ғылыми-техникалық негіздеме жасалуда. Жоба С. Торайғыров атындағы ПМУ-мен ҚР БжҒМ арасындағы келісім бойынша ( № 740 тақырып), 002 «Фундаментальді және қолданбалы ғылыми зерттеулер» атты бюджеттік бағдарламалардың 103 «Ғылым қоры арқылы инновациялық және қауіпті зерттеулерді өткізу» бағдарламасы аясында орындалуда.  

2. 2009 ж. сәуірде гранттық қаржыландыруға «Инновационное внедрение топливных систем с бездренажными форсунками с глухим колпаком на эксплуатируемые дизели разных типов и назначений в Павлодарской области, а также во всех других регионах Казахстана с учётом опыта эксплуатации в Павлодарской области» атты жоба дайындалуда ( № 740 тақырыптың жалғасы ретінде).

3. Қайта өндірілетін энергия көздеріндегі ІЖҚ бар мобильдік автономды энергетикалық құрылғы.

4. Түрлі типтегі дизельдерді биоотында және олардың араласқан түрінде жұмыс істеуге қолайлау.  

Соңғы екі жоба 2009 ж. гранттық қаржыландыру байқауына дайындалуда. Олар қатысушы ТМД мемлекеттерінің білім мекемелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының бірлесе жұмыс істеулерін дамыту мен тереңдетуге және техника мен технологияның жаңа бағыттары бойынша бірлескен фундаментальді және қолданбалы зерттеулер жүргізуге бағытталған ( Н. Э. Бауман атындағы ММТУ және С. Торайғыров атындағы ПМУ) . 

 

Мамандықтар және мамандандырулар туралы

 

Профессор-оқытушылар құрамы

 

Оқу-зертханалық базасы