“Металлургия” кафедрасы: мамандықтар және мамандандырулар туралы
5В070900 МЕТАЛЛУРГИЯ
Мынадай мамандандырулар бойынша оқуға болады:
- қара және түсті металдар және қорытпалар металлургиясы;
- материалдар өндеу технологиясы (илемдеу өндірісі және т.б.).
5В072400 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР
Мынадай мамандандырулар бойынша оқуға болады:
- металлургиялық машиналар мен жабдықтар;
- ауылшаруашылық машиналар мен жабдықтар.
Оқуды осы мамандықтар бойынша бітірген түлекке металлургия бакалавры және технологиялық машиналар мен жабдықтар бакалавры академиялық дәрежесі мен мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Бакалаврдан кейін Сіз магистратурада оқуды жалғастыруға мүмкіндік аласыз.
Біздің «Металлургия» кафедрасының түлектері Қазақстанның ірі кәсіпорындарында «Қазақстан Алюминиі» АҚ, «Ақсу ферроқорытпа зауыты», «KSP steel» ЖШС, «Қазэнергокабель» АҚ, Қазақстан элекролиз зауытында және Құбырилемдеу зауытында жұмыс істейтін болады.
Оқу бітіруші мамандардың кәсіби салаларына: қара және түсті металлургия зауыттары, илемдеу, құбырилемдеу, кен байыту фабрикалары, машинажасау зауыттарының металл құю және термиялық өндеу цехтары, аспапжасау зауыттары жатады.
Біздің мамандықтардың түлектері төмендегідей қызмет түрлерін атқара алады:
- өндірістік–технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыстарын, кен байыту, қара, түсті, сирек кездесетін және радиоактивті металдар, металдарды илемдеу, құймалар және арнаулы материалдар алу, металдар мен құймалар өңдеу бағытында ғылыми – зерттеу жұмыстарын атқарады;
- жабдықтарды және бағдарламалы құрылғыларды реттеу, күйін келтіру, жұмыстық қабілеттілікке дайындау және тәжірибелік тексеру;
- жабдықтардың жұмыс істеу қорын мен техникалық жағдайды тексеру, профилактикалық қадағалауды және жөндеуді ұйымдастыру;
- қара металдарды алудың технологиялық үрдістерін жасау және алынған өнімнің сапасын бақылау мен оның жаңа түрлерін жасау, металлургиялық кәсіпорындағы менеджментті ұйымдастыру;
- түсті металдарды алудың технологиялық үрдістерін жасау және алынған өнімнің сапасын бақылау мен оның жаңа түрлерін жасау, металлургиялық кәсіпорындағы менеджментті ұйымдастыру.
Оқыту түрі мен мерзімі:
Бізге оқуға түсуге келесі бітірушілердің мүмкіндіктері бар:
♦ жалпы орта білім беру мектептерін бітірушілер ҰБТ немесе комплексті тесттілеу нәтижесі бойынша.
Оқу мерзімі: күндізгі – 4 жыл, сырттай – 5 жыл.
♦ орта кәсіптік білім беруші оқу орындарын (колледж) бітірушілер.
Оқу мерзімі: 3 жылдан кем емес.
♦ жоғары оқу орындарын бітірушілер.
Оқу мерзімі: 2 жылдан кем емес.
Оқу тілі:
- мемлекеттік тілде;
- орыс тілінде.
Оқуды бакалавриаттан кейін магитратурада жалғастыруға болады.