Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

Х.Арғынбаев атындағы этноәлеуметтік антропология ғылыми практикалық орталық

Орталық тарихы

Х.Арғынбаев атындағы этноәлеуметтік антропология ғылыми практикалық орталық С.Торайғыров атындағы Палодар мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде «Білім туралы» заңға сәйкес 2004 жылдың ақпанында құрылған.

ЭӘА ҒПО-ның мақсаттары мен міндеттерінің қатарына:

  1. Тарихи этнология және әлеуметтік антропологияның әдіснамалық мәселелерін зерттеу.
  2. Қазақстан тарихының тарихи-этнологиялық зерттеу бағыты бойынша әдістемелік-әдіснамалық негізгі мәселелерін зерттеу.
  3. Дәстүрлі мәдениеттің қазіргі жағдайда бейімделу үрдіс мәселелерін зерттеу.
  4. Орта Ертіс өңірінің этнографиясы мен этноархелогиясын зерттеу:
    • Өткен және бүгінгі таңдағы этномәдени және тарихи үрдістер;
    • Орта Ертіс өңірінің материалдық мәдениет спецификасы;
    • Шаруашылық-мәдени аспектілер.
  5. Тарихи этнология және әлеуметтік антропология методикасымен ғылыми инструметариелерін зерттеу.
  6. Дәстүрлі мәдениет пен және оның трансформациясын зерттеу (тарихи тұрғыда).

Орталықтың басты бағыты ғылыми-зерттеу жұмыстары болып табылады. Орталықтың негізгі мақсаты тарихи этнология мәселелерін, әлеуметтік-саяси және экономикалық процестермен Қазақстанның этномәдени сұрақтарын талқылау. Орталықтың негізгі ғылыми—зерттеу бағыты тарих, этнография және этноархеологияның аймақтық ерекшеліктеріне назар аударады.

Орталық 2005-2006 жылдарға арналған облыстық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша келесідей кітаптар шығарды:

  • «Е. Бекмахановтың жинаған шығармалар жинағы» (7 томдық);
  • «Е. Бекмаханов» библиографический указатель;
  • «А.Х. Маргулан» библиографиялық көрсеткіш;
  • «Г.Н. Потаниннің жинаған шығармалар жинағы» (3 томдық);
  • материалы международной конференции Г.Н.Потанина;
  • «Көшпенділер» (4 томдық);
  • «Қазақ этнографиясының кітапханасы» (50 томдық).

2007-2008 жылдары  Х. Арғынбаев атындағы этноәлеуметтік антропология ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері университеттің «50 бағдарлама», «50 интеллектуалды мегажоба» бойынша жұмыс жасады. 2007-2008 жылдары келесі жобалар бойынша кітаптар шығарылды:


  1. «Қазақтардың тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресі: тарих және сабақтар»;
  2. «Деректер мен материалдардағы Орта Ертіс өңірі»
  3. Тарихи оқиғалардың күнтізбесі (Павлодар облысының 70-жылдығы).
  4. «Павлолдар облысы: тарих және қазіргі кезең» («Өлкетану» журналы № 3,4 2008 ж., Павлодар облысының 70 жылдығына мақалалар жинағы).
  5. «Мәшһүр Жүсіп тағылымы» ( М.Ж. Көпеевтің 150 жылдығына орай дайындалған 2 бөлімді жинақ)
  6. «Историческое наследие М.Ж. Копеева» (3 томдық) (М.Ж. Көпеевтің 150 жылдығына орай).
  7. «Казангап би Сатыбалдыулы»;
  8. Қоғам және этнос (XVIII ғ. Қазақ қоғанының этноәлеуметтің құрылымы).
  9. Кереку - Баян өнірінің батырлары.

Орталық қызметкерлері төмендегі монографиялар мен оқу құралдарын жарыққа шығарды:

  • «Историческое наследие Машхур Жусупа Копеева» (Артыкбаев Ж.О.)
  • «История Казахстана (90 вопросов и ответов)» (Артыкбаев Ж.О.)
  • «Жеті жарғы (мемлекет және құқық ескерткіші)» (Артыкбаев Ж.О.)
  • «Қазақстан тарихы (90 сұрақ пен жауап» (Артыкбаев Ж.О.)
  • «История Ертыс-Баянтауского края» (К.Ж. Нурбаев, Р.Ж.Кадысова).
  • монография «Қоғам және этнос (ХҮІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрлымы)» (Артыкбаев Ж.О.)
  • книга «Орта Ертіс өңірі қимақ дәуірінде» (Артыкбаев Ж.О.)

Сонымен қатар арнайы курстар дайындалды:

  • «Казахское общество в XIX: традиции и инновации» (Артыкбаев Ж.О.)
  • «Казахское общество в XIX» (Артыкбаев Ж.О.)
  • «Этносоциальная структура казахского общества» (Артыкбаев Ж.О.)
  • «Колонизация Казахстана: историко-географический аспект» (К.Ж.Нурбаев).

Барлық арнайы курстар «Тарих» мамандығындағы студенттерге оқылады.

Орталық 2008 жылдың маусымында  Қазақстан мен Ресейдің жетекші этнографтарының қатысуымен «Қазақстан этнологиясы мен этнографиясының өзекті мәселелері мен болашағы» атты Республикалық жазғы этнография мектебін өткізді. Жұмыс қорытындысы бойынша жоспарланған мәселелер:

  • еңбек жинағын шығару;
  • Баянауыл аймағында студенттердің этноархеологиялық тәжірибесін өткізу;

Орталықта ғылыми семинарлар жиі өткізіліп, онда талқыланатындар:

  1. түрлі ғылыми конференциялардың қорытындылар;
  2. тарих және этнологияның өзекті мәселеріне арналған ғылыми баяндамалар;
  3. орталық қызметкерлерінің мақалаларын талқылау.

Конференциялар

Орталық қызметкерлері қатысқан конференциялар:

  • Академик Ә. Марғұланның 100 жылдығына арналған «Көшпенділер өркениетімен рухани мәдениетінің тарихы» атты халықаралық конференция. С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы, 2004 жыл, мамыр;
  • Е.Бекмахановтың 90 жылдығына арналған халықаралық конференция қыркүйек 2005 С. Торайғыров атындағы ПМУ-і, Павлодар қаласы;
  • Юдинді еске алуға арналған «Юдин оқулары» атты республикалық ғылыми конференция. Алматы, 2006, сәуір.
  • 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың 90 жылдығына арналған республикалық ғылыми конференция. Талдықорған қаласы, 2006, наурыз.
  • «Ерлер есімі ел есінде» атты Олжабай батырдың 300 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция. Қарағанды қаласы, 2006, мамыр
  • М.Ж. Көпеевтің 150-жылдығына арналған республикалық конференция. С.Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы. 2008, қыркүйек;
  • Павлодар облысыың 70- жылдығына арналған республикалық конференция. С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы. 2008, қазан.

Экспедициялар

Орталық үш ғылыми-зерттеу экспедициясын ұйымдастырды:

1. Лебяжі ауданыаймағындағы Ямыш селосына жасалынды. Участниками экспедиции были обнаружены останки землянок и оборонительных сооружений отряда И.Д. Бухгольца (И.Д. Бухгольц основал Ямышевскую крепость в 1715 году), где они держали оборону в течение полугода от джунгарских войск. Нужно отметить, что факт наличие землянок находящихся отдельно от крепости не имеет место в научной исторической литературе.

Далалық барлау жұмыстары нәтижесінде экспедиция мүшелерімен «Қалатұз» көлі маңынан көтерілген материалдар жинап алынды, сипаттамасы бойынша табылған заттар (аяқ, шырша т.б. ою-өрнектері қыш ыдыстар) ғалымдардың пікірінше осы аймақтағы қола дәуірі тайпаларының мәдениеті жөнінде мәлімет береді.

2. 2004 жылдың жазында Екібастұз және Ақтоғай аудандарының жеріндегі этномәдени зерттеу жұмыстары (Ақкөл Жайылма).

Эспедицияның мақсаты Ақкөл-Жайылманың Қазақстан тарихындағы орны мен мәнін анықтау, тарихи және этнографиялық ескерткіштерді тіркеу, археологиялық барлау жұмыстарын жүргізу. Жүргізілген жұмыстар барысына Ақкөл (Әулиекөл) көлі жағасынан 2 км жерден, яғни тұрғылықты Қаражар мекеніне жақын жерде көне қазақ зиратынан 2 ортағасырлық мазардың қалдығы табылды. Біздің алдын ала жасаған топшылауымыз бойынша аталған ескерткіштер ноғайлы деп аталатын дәуірге жатады. Ақкөл-Жайылма Алтын Орда кезеңгі Шыңғысханның шайбани әулетінің ұрпақтары билік еткен Ұлыстың саят және культтық орталығы болған.

3. 2004 жылдың шілде айында Ақсу ауданының  Сырлықала елді-мекені. Олардың орасында ірі патша қорғандары да кездеседі. Бұлардың бәрі, сырлықала ортағасырлық кезеңдегі тұрғындардың негізгі шоғырланған орны болған. Сырлықала мекені әрі қарай зерттеуді қажет етеді.

Среди них встречаются и огромные царские курганы. Все это говорит о том, что Сырлыкала является одним из основных мест локализации населения в средневековый период. Исследования в местности Сырлыкала необходимо продолжить.

Ынтымақтастық, қоғамдық жұмыс

Орталық республиканың және ТМД-ның алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарымен байланыс орнатуда: А.Х. Марғұлан атындағы археология институтымен, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ҚР ҒА-ның тарих және этнология институтымен, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті.

Орталықтың қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысады. Қазақ халқының этномәдени мұрасын насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (теледидар, басылымдар), білім және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесулер, семинарлар өткізеді. Сонымен қатар проф. Ж.О.Артықбаев оқушылардың облыстық олимпиядасына әділқазы алқасының төрағасы ретінде қатысты.Орталықтың басты ғылыми қызметкері т.ғ.д. профессор Ж.О. Артықбаев Қазақстанның этномәдени мұрасына арналған «Тағылым» ғылыми-көркем бағдарлама көлемінде түсірілген бірнеше видеофильмдердің авторы («Дидар» облыстық теледидар). Сонымен қатар Ж.О. Артықбаев жер атауларына, көшелер және т.б. қайта атау мәселелерімен айналысатын ономастикалық комиссияның мүшесі, бүгін де осы бағытта облысымыздың, қала көшелерінің атауларын өзгерту жөнінде мәселелерді көтеріп, Кереку атауының тарихы туралы тұшымды ғылыми мақалалар жариялауда.
Ғылыми қызметкерлермен ғылыми- көпшілік  сипатындағы 100 астам мақалалар төмендегідей облыстық, республикалық басылымдарда жарияланды (Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас//Сарыарқа самалы; Ақсу өңірі туралы//Ақжол; Аксу - неизведанные страницы истории среднего Прииртышья// Акжол; Ақкөл-Жайылма – хандар мекені //Сарыарқа самалы; Дара туған ғұлама //Қазақ әдебиеті; Этноархеология в Акколь-Жайылме// Звезда Прииртышья; Темір жауынгер құпиясы //Сарыарқа самалы; Сырлы қала туралы сыр//Сарыарқа самалы). Мысалы, «Білік» газеті, «Өлкетану» журналы, «Вестник ПГУ», Әл-Фараби атындағы «Вестник Каз ГУ» т.б.

Главный научный сотрудник Центра д.и.н., профессор Ж.О.Артыкбаев является автором нескольких серий видеофильмов, посвященных этнокультурному наследию Казахстана, снятых в рамках научно-популярной передачи «Тағылым» (Областное телевидение «Дидар»), он является также членом областной ономастической комиссии, где принимает непосредственное участие в работе по переименованию и возвращению исконных казахских названий населенным пунктам, улицам и т.д.

ЭСА ҒПО-ның қызметкерлерінің  осы аралықтағы шетелдік басылымдары:

  • Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий. Санкт Петербург, «Мажор», 2005. –320с.
  • Артыкбаев Ж. О. Калмыцко-ламитские памятники на территории Казахстана. Санкт-Петербург, «Петербургское востоковедение», 2005. –165с.
  • Артыкбаев Ж.О. Ностратические пласты истории Евразии в казахском шежире (опыт анализа казахских легенд об Алаше-хане). Уфа, Башкортостан, сентябрь 2006.
  • Артыкбаев Ж.О. Великий меридиональный путь. Красноярск, Россия.
  • Нурбаев К.Ж.. О предпосылках и особенностях возникновения и роста инноционального населения Среднего Жуза в I-й четв. XVIII в.-I-й пол.XIX в. Уфа, Башкортостан, сентябрь 2006.
  • Нурбаев К.Ж. О некоторых особенностях казахско-русского взаимоотношениях: усиление политического влияния России в Среднем Жузе в конце XVIII в. - I-й четв..XIX в. г. Томск, Россия. 2006 г.
  • Нурбаев К.Ж.Об особенностях развития казахско-русских торгово-экономических связях Северо-восточного региона Казахстана в конце XVIII в.-I-й пол.XIX в. Томск, Россия, 2006.

Ғылыми еңбектерінің нәтижесі бойынша ғылыми қызметкерлердің марапаттаулары мен атақ дәрежелері

В 2004 году Артыкбаев Ж.О. награждён нагрудным знаком «За заслуги в развитии науки Республики Казахстан». По результатам отчетного года согласно положению конкурса ПГУ г.н.с. Центра Артыкбаев Ж.О. получил гран-при в номинации «За вклад в развитие науки Казахстана» (Звезда Прииртышья. 29 сентября 2005 года).

Есептік жыл қорытындысы бойынша ПМУ –нің конкурс ережесіне сәйкес Орталықтан т.ғ.д., профессор Артықбаев Ж.О. «Қазақстан ғылымының дамуына қосқан үлесі» номинациясы бойынша (Звезда Прииртышья. 29 қыркүйек 2005 жылы) бас жүлдені жеңіп алды. Облыстағы жоғарғы білімді дамыту жүйесіне қосқан үлесі мен жоғары білікті мамандарды дайындаудағы жемісті еңбегі үшін С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің 45 жылдық мерейтойына орай бас ғылыми қызметкер Артықбаев Ж.О Павлодар облысының әкімінің Құрмет грамотасымен маратталды. (Павлодар облысының әкімінің ұсынысы бойынша 29 қыркүйек 2005 ж.), ҚР ҰҒА жанындағы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының этнология мамандығы бойынша Диссертациялық Кеңестің мүшесі, ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан жас ғалымдар мен мамандардың мемлекеттік стипендиаты, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі.

Орталық қызметкерлері