loading
 
 

«Білік» газеті

1. Қазақстан халқы үшін Тұңғыш Президент күнінің маңызы қандай?

2. Астананың ЕХРО-2017 көрме иесі атану тарихи жағдай болып табылады. Бұл халықаралық көрме Қазақстанға не береді?

  Құрметті оқырмандар, аталмыш сұрақтарға өз ой-пікірлеріңізді адресіне жолдай аласыздар, үздік авторларды «Білік» газетіне жариялап, Елбасының «Стратегия Независимости», «На пороге XXI века» атты кітаптарын сыйға тартамыз.

  Сонымен қатар, «Білік» газетінде қандай мақалалар оқығыңыз келетіні жайлы ойыңызбен бөліссеңіз болады.


 

Жүйеге кіру үшін тіркеліңіз

Қазіргі уақытта порталда 420 қонақтар 
 
 
 

“Металлургия” кафедрасы: профессор-оқытушылар құрамы

Металлургия кафедрасының оқытушылар тізімі

 №
п/п
Аты-жөні   Лауазымы
 1  Суюндиков Мерхат Мадениевич  Кафедра меңг., т.ғ.к., профессор
 2  Ибраев Иршек Кажикаримович  т.ғ.д., профессор
 3  Сержанов Радул Идаятович  т.ғ.к., профессор
 4  Артамонов Владимир Павлович  т.ғ.к., профессор
 5  Биякаева Нургуль Темиргалиевна  т.ғ.к., профессор
 6  Абдрахманов Ермаганбет Сейсенбекович  т.ғ.к., доцент
 7  Шабенов Канат Каиржанович  т.ғ.к., доцент
 8  Богомолов Алексей Витальевич  т.ғ.к., доцент
 9  Ибраева Оразбике Токтархановна  т.ғ.к., доцент
 10  Быков Петр Олегович т.ғ.к., доцент
 11  Сембаев Нурболат Сакенович т.ғ.к., доцент
 12  Тусупбекова Марал Жанбулатовна  магистр, аға оқытушы
 13  Абсолямова Динара Ризахметовна  магистр, аға оқытушы
 14  Байдильдаева Гульмира Балтабаевна  аға оқытушы
 15  Каршигина Зауре Байтасовна  аға оқытушы
 16  Кенбеилова Салтанат Жапаспаевна   магистр, аға оқытушы
 17  Маздубай Асылхан Владимирович  магистр, аға оқытушы
 18  Штиль Ирина Эдуардовна  магистр, аға оқытушы
 19  Концедалова Татьяна Яковлевна  аға оқытушы
 20  Шошай Жансерик  магистр, оқытушы
 21  Кулумбаев Нурболат Калиевич
 доцент, зертханалардың меңгерушісі
 22  Абишева Жанат Байтурсыновна  лаборант
 23  Садыкова Динара Бауыржановна  лаборант
 24

 Мусабаев Даниял Жармагамбетович   

 инженер
 25  Сейсебаев Алмас Муратханович     инженер


Сүйіндіков Мерхат Мәдениұлы, металлургия кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, ХАА академигі, 1959 жылы 19 маусымда Қарағанды обылысы Егіндібұлақ ауданының Комсомольск селосында дүниеге келген.

1981 жылы Қарағанды политехникалық институтын аяқтағаннан кейін, 1981 жылдан 1983 жылдар аралығында Павлодар индустриалды институты (ПИИ) Ермак жалпы техникалық факультетінде ассистент қызметін атқарды.

1983 жылы Мәскеу автомеханикалық институтына стажировкаға жіберілді. 1984 жылы Мәскеу автомеханикалық институтына (МАМИ) – аспирантураға түсіп, «Физическая и математическая модели процесса фильтрования металла в литниковой системе, конструкция и расчет для чугунных отливок» тақырыбы бойынша т.ғ.д., профессор, КСРО Мемлекеттік премиясының лауреаты Рабинович Б.В. жетекшілігімен 1989 жылы желтоқсанда кандидаттық диссертация қорғады. (т.ғ.к диплом: КД №015672). 1990 жылдын наурыз айынан осы күнге дейін ПИИ, қазіргі С.Торайғыров атындағы ПМУ жұмыс атқаруда. 

«ЛП и ОМД» кафедрасының ассистенті, 1990 жылдын маусымынан – аға оқытушы, 1992 жылы ақпанда доцент болып жұмыс істеді (2003 жылдан ҚР ЖАК доценті: ДЦ №0005476).

1995 жылы желтоқсаннан 1999 қыркүйекке машинажасау факультетінің деканы қызметін атқарды. 2001 жылдын сәуір-қыркүйек аралығында ПМУ құрылыс, көлік және машина жасау институтының (ҚКжМЖИ) директор орынбасары болды.

2001 жылы 1 қыркүйектен осы күнге дейін «Металлургия» кафедрасының меңгерушісі, ММЖиКФ Кеңесінің мүшесі.

2005 жылы қазанда М.М. Сүйіндіковқа С.Торайғыров атындағы ПМУ академиялық профессор атағы берілді.

Сүйіндіков М.М. С.Торайғыров атындағы ПМУ-да (өткен ғасырдың 90 жылдың басында) қазақ тілінде жоғары техникалық білім беруде, мамандарды даярлауда ерекше үлес қосуда. Ол алғаш рет  С.Торайғыров атындағы ПМУ «Конструкциялық материалдар технологиясы», «Материалтану» және т.б. пәндерді қазақ тілінде оқыта бастады. Ол ондаған оқу құралдарын, орысша-қазақша түсіндірме сөздіктер, әдістемелік нұсқаулықтар жазды және қазақша мақалалар жарық көрді.  

Көптеген жылдар бойы Сүйіндіков Мерхат Мәдениұлы жас оқытушылардың ұстазы болып келеді және жоғары санатты ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда белсенді қызмет етуде.

Ол 8 ғылым магистрін даярлады (Быков П.О., Епифанов Д.С., Штиль И.Э., Тусупбекова М.Ж.. Шошай Ж., Исакова А., Абуталип А, Терлецкий Е.).

Сүйіндіков М.М. студенттермен бірге белсенді шығармашылықпен айналысуда, С.Торайғыров атындағы ПМУ-да олармен «көркем құю» бағыты дамып келеді. Сүйіндіков М.М. басшылығымен металлургия кафедрасының зертханасында Машһүр Жүсіп, академик Қ.И. Сатпаевтың, Әбу-Насыр Әл-Фарабидың, Ж. Аймауытовтың және т.б. шағын мүсіні құйылды.

Ол 100 астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы. Оның құю жүйесін есептеу бойынша еңбектерін Қазақстан Республикасында және алыс жақын шетелде де (Ресейде, Германияда, Францияда) біледі.

Сүйіндіков М.М. 2007 жылы «С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың үздік кафедра меңгерушісі» деп танылды. 2010 жылы «ҚР БжҒМ құрметі білім қызметкері» атағы берілді, ПМУ –дағы ерен еңбегі үшін С.Торайғыров алтын медалімен марапатталды.


Ибраев Иршек Кажикаримұлы,  техника ғылымдарының докторы, профессор, ХАА академигі.

1974 жылдан 1980 жылға дейін – көмекші–зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, Карметкомбинат (КГИУ) Зауыт-ВТУЗ «Болат металлургиясы» болат балқыту кафедра лабораториясының меңгерушісі;

1981 жылдан 1984 жылға дейін – И.П. Бардин атындағы Орталық ғылым- іздену қара металлургия  институтының  аспиранты (ЦНИИЧМ И.П. Бардин атындағы) - кіші ғылым қызметкері  -  ЦНИИЧМ И.П. Бардин атындағы жаңа металлургиялық технология институты ;

1984 жылдан 1986 жылға дейін - Карметкомбинат кезінде (КГИУ) Зауыт-ВТУЗ , аға оқытушы;

1986 жылдан  2001 жылға дейін – Караганды металлургиялық комбинаты (пештен тыс болатты өңдеу кесектеу лабораториясындағы жетекшісі, болат балқыту кесектеу лабораториясындағы топтың бастығы, болат құю лабораториясының бастығы  және  т.б.);

2001 жылдан 2006 жылға дейін – Ақсу ферроқорытпа зауыты – АҚ «ТНК «Казхром» филиалы Ақсу қ.; АҚ «ТНК «Казхром» ҒІО (ғылыми-іздену орталығы) филиалының жетекші маманы;

2007 жылдан 2010 жылға дейін – Карағанды мемлекеттік индустриалды университеті (Темиртау қ.), профессор.

1993 жылы т.ғ.к. ғылыми дәрежесін ізденуде диссертациясын қорғады, 1996 жылы доцент ғылыми атағы берілді,

2007 жылы т.ғ.д. ғылыми дәрежесін ізденуде диссертациясын қорғады.

2007 жылдан 2010 жылдары диссертация кенесінің мүшесі, 53.40.01 ХМИ Ж. Абишева атындағы ХМИ (Караганды қ.).

2011 жылы ҚР ҒБМ "ҚР ғылымның дамуына үлесін қосқан үшін" конкурс лауреаты атағын алды.

«КСРО өнер табушы» белгісімен марапатталды, С.Торайгыров атындағы ПМУ (2010г) зор еңбегін сіңірген үшін алтын медальмен марапатталды.


Сержанов Радул Идаятович, т.ғ.к., С.Торайгыров атындағы ПМУ профессоры, 1938 жылы Гурьев қаласында ( Атырау қаласы) туған.

1964 жылы Қарағанды политехникалық институтын тамамдап, «Металдарды қысыммен өңдеу» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

1964-1973 жылдар аралығында Каркомбинатта, жұмысшы, бөлімше шебері, ЦЗЛ инженері қызметтерін атқарды, ол мында металлургия бойынша тәжірибемен шыңдалды.

1973 жылы МИСиС –ке (Мәскеу қ.) аспирантураға түсіп, 1977 жылы Сержанов Радул Идаятович техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденушілік кандидаттық диссертациясын Мәскеу болаттар және қорытпалар институтында 05.16.05 «Обработка металлов давлением» мамандығы бойынша, «Исследование температурных условий прокатки малоуглеродистых сталей на универсальном слябинге 1150 Карметкомбината» тақырыпта, заманауи илемдеу өндірісінің кеңестік ғылыми мектебінің негізін қалаушы, Қазақ КРО ҒА академигі Петра Ивановича Полухиннің жетекшілігімен сәтті қорғады.

1977-1982 жылдар аралығында Карметкомбинат (Темиртау қ.) ТЖОО-зауытында аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

1982 жылдан бастап Павлодар индустриалды институтында (қазіргі С.Торайғыров атындағы ПМУ-де) технологии металлов, литейного производства и обработки металлов давлением кафедрасында доцент қызметін атқарды.

1984 жылы оған КСРО ЖАК доценті ғылыми атағы берілді. Сержанов Р.И. ғылыми және инновациялық қызметпен белсенді айналысады. Тек қана соңғы 3 жылды алсақ, онда ол 20 ғылыми мақала жазған, Қазақстан Республикасының 9 патенті алынған.

Оқу және ғылыми-әдістемелік сипаттағы 100 астам мақалалар авторы.

Сержанов Р.И. жоғары квалификациядағы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда белсенді қызмет етуде.
Оның жетекшілігі мен т.ғ.к. ғылыми атағына ізденушілік бойынша

3 кандидаттық диссертация қорғалды. 2005 жылдың қазан айында Р.И. Сержановқа С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры академиялық атағы берілді. 

Павлодар өңірі үшін өзекті мәселедегі және шаруашылық келісімдегі  тақырыптар бойынша Сержанов Р.И. үнемі белсенді айналысты. Ол ғылыми жетекші, бөлім жетекшісі немесе шаруашылық келісімдегі  тақырыптардың жауапты орындаушысы болды және барлық әзірленген жұмыстарды өндіріске  және оқу үрдісіне енгізуге дейін жасап отырды.

Қазір ол Павлодар машина жасау зауытының техникалық тапсырмасы бойынша кран дөңгелектерін шынықтыру мәселесімен белсенді айналысуда. 2006 жылы «С.Торайғыров атындағы ПМУ үздік ғалымы» болып танылды, ПМУ –дағы ерен еңбегі үшін С.Торайғыров алтын медалімен марапатталды (2010 ж.).

Сержанов Р.И., Богомоловым А.В., Быковым П.О. бірге бірінші облыстық инновациялық жобаның жеңімпаздары (2006 ж.).  2008 жылы оның жетекшілігімен Павлодар облысында жалпы қолданысқа арналған фасонды сұрыпты пішімдерді илемдеуді ұйымдастыру бойынша инновациялық жоба 3 орынға ие болды.


Артамонов Владимир Павлович, х.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры,

1942 жылы Павлодар облысының Павлодар ауданының Сычевка ауылында дүниеге келген.

1967 жылы Урал политехникалық институтының химико-технологиялық факультетін «электромеханикалық өндірістің технологиясы» мамандығы бойынша тамамдаған. 1967 – 1968 жылдары.  

Урал теміржол көлігі инженерлерінің электрмеханикалық институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1968 жылы Павлодар трактор зауытына жұмысқа түсті – инженер-гальваник, одан кейін инженер және химико-технологиялық зертхананың бастығы қызметтерін атқарды. 1971 жылдың наурыз айынан бастап УПИ-ға күндізгі аспирантура оқуына қабылданады. 

Кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін (МХМ №017446 ғылым кандидаты дипломы ) 1974 жылы ПТЗ –ға бас металлургтің орынбасары қызметіне  қайтып келіп, 1979 жылға дейін жұмыстап, одан кейін бас технологтың орынбасары етіп тағайындалды.

1980 жылдың қазан айында Павлодар индустриалды институтына (қазіргі С.Торайғыров атындағы ПМУ) металдар технологиясы кафедрасына аға оқытушы қызметіне жұмысқа алынды.  1981 жылы металдар технологиясы кафедрасының меңгерушісіне тағайындалды және осы қызметте 1987 жылдың маусым айына дейін қызмет етті. 1984 жылдың қараша айында металдар технологиясы кафедрасы бойынша оған КСРО ЖАК доценті ғылыми атағы берілді (аттестат ДЦ №076870).

1987 жылы кафедраларды қайта ұйымдастыруға байланысты метал технологиясы, құю өндірісі және қысыммен металлдарды өңдеу кафедрасының доценті қызметіне ауыстырылды және осы қызметте 1994 жылдың қазан айына дейін қызмет жасады.
1994 жылдың қазан айынан 2010 жылға дейін «Евроазиаттық энергетикалық корпорация» (ЛМиС ПРП АО «ЕЭК») АҚ өндірісітік жөндеу бөлімінде металдар және қорытпалар зертханасында жетекші металзерттеуші-инженер қызметін атқарған .

2010 жылдан осы күні С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасының  профессоры болып жұмыс істеді.

В.П. Артамоновпен үнемі «Порошковая металлургия», «Известия вузов. Цветная металлургия», «Защита металлов» журналдарында мақалары басылып шығып отырады. Соңғы 15 жылда ресейлік ЖАК журналдарында басылып шыққан мақалалары: «Контроль. Диагностика» – 16 мақала, «Электрические станции» - 5 мақала, «Электрохимия», «Теплоэнергетика», «Металловедение и термическая обработка металлов», «Энергетик»- журналдарында 2 мақаладан, «Дефектоскопия» журналында бір мақала.

Тағы бір мақала 2007 жылы Америка металзерттеушілер одағының журналында «Journal of Materials Engineering and Performance» жарық көрді.

Жүргізіп отырған зерттеулердің жаңалығы ҚР және РФ жеті өнертабысымен дәйектеледі.

В.П. Артамоновпен жылуэлектр жабдықтарын диагностикалау және бақылау бойынша орындалған ғылыми жұмыстардың нәтижесі халықаралық конференцияларда Астанада, Павлодарда, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Екатеринбургте, Нижнем Новгород қаласында, Ялтада баяндалды.

Осы зерттеулер нәтижесінде 4 кандидаттық және бір магистрлік диссертация қорғалды.

В.П. Артамоновқа Қазақ ССР жоғары және арнаулы орта білім министрлігі бұйрығымен екі мәрте алғыс жарияланды (1982 жылы материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы бойынша Қазақстан және Орта Азияда аймақтық семинар-кеңесін өткізгені және ұйымдастырып ғылыми хатшы ретінде белсенділігі және 1984 жылы студенттердің ғылыми жұмысына жетекшілігі үшін).

1987 жылы Владимир Павлович үкіметтік марапатқа лайықталды – «Еңбек ардагері» медалімен.    


Смайлова Нургуль Темиргалиевна, техника ғылымдарының докторы, ҚР ЖАК доценті, ПМУ профессоры, ХАА академигі.

1995 жылдан қызмет жасап келеді. 1971 жылы туған. Ғылыми-педагогикалық өтілі 16 жыл.

2002 жылы Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің диссертациялық кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғады.

Смайлова Н.Т. С.Торайгыров атындағы ПМУ –да ассистент, зерттеуші-стажер, аға оқытушы, доцент, халықаралық байланыстар және ғылыми жұмыстары бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2003 жылы кандидаттық диссертацияны қорғағаннан кейін университеттің ғылыми департаментінің квалификациялық өсу және ЖОО-нан кейінгі білім бөлімінің бастығы қызметінатқарды.

2003 жылы Н.Т.Смайловаға ҚР ЖАК доценті атағы берілді.

Смайлова Н.Т. металлургиялық мамандық бойынша барлық оқу түріндегі студенттер мен магистранттарға  екі тілде (қазақша және орысша) қажетті ғылыми-педагогикалық деңгейде жоғары оқу мектептерінің талаптарына сәйкес дәріс оқиды, тәжірибелік сабақтарды жүргізеді.

Смайлова Н.Т. 75 –тен астам ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде 20 авторлық куәлік өнер табысқа инновациялық патент, сонымен қатар 20

ҚР БжҒМ білім сферасындағы бақылау бойынша Комитетпен құпталған, алыс жақын шетелдің жетекші баспаларында басылған ғылыми және әдістемлік жұмыстар, сонымен қатар 2008 жылы «Технология ковки в инструменте с изменяющейся формой» монография жарық көрді.

Барлық экспериментер және өндірісітік сынақтардың ғылыми нәтижелері ғылыми еңбектер болып шығады.

Смайлова Н.Т. жетекшілігімен жұмыс жасап жүрген жас ғалымдарда белсенді өзінің мақалаларын басуда. Оның жетекшілігімен механикалық және физико-техникалық өңдеудің жабдықтары және технологиясы мәселелері бойынша 2 кандидаттық диссертация жазылып және қорғалды.

2009 жылдың қорытындысы бойынша Нұргүл Темірғалиқызы «С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың үздік ғалымы» конкурсының жеңімпазы деп танылды. 2010 жылы ғалымның еңбегін қадірлеп білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

2010 жылы Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеттің диссертациялық кеңесінде докторлық диссертация қорғады.


Абдрахманов Ермаганбет Сейсенбекович, техника ғылымдарының кандидаты, ҚР ЖАК доценті, 1950 жылы Ақмола облысының Макинка ауданы Ултуган с. дүниеге келген. 

1976 жылы «Құю өндірісінің технологиясы және машиналары» мамандығы бойынша инженер-механик квалификациясын алып Қарағанды политехникалық институтын тамамдаған.

1976 – 1980 жылдар аралығында ПО «Павлодар трактор зауытында» болат балқыту цехында автоматтандырылған желі учаскесінің механигі, шебер қызметтерін атқарған.

Павлодар индустриалды институтында «металдар технологиясы, құю өндірісі және металдарды қысыммен өңдеу» кафедрасында 1980 жылдан бастап оқу шебері қызметінен бастап, 1981- 1989 жылдар аралығында Абдрахманов Е.С. осы кафедраның асистенті, 1989-1999 жылдары аға оқытушы қызметін атқарды. 1991 – 1996 жылға дейін сырттай Мәскеу автомобильжасау институтында аспирантурада оқып, 1996 жылы қаңтарда «Разработка и промышленное апробирование прессово-ударного метода уплотнения песчано-глинистых форм» бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады.

1999-2001 жылдар аралығында «Казахстантрактор»  компаниясының «Литейщик» ААҚ –да бас механик қызметін атқарды.

2001 жылдан осы күні С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Металлургия» кафедрасының доценті.

2002-2003 жылдары ҚКжМИ  ғылыми жұмыстары бойынша деканның орынбасары.

ПИИ-С.Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылық қызметте 150-ден астам металлург және механик мамандарын даярлап шығарды.

Ермағанбет Сейсенбекұлы жоғары квалификациялы ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауда белсенді қызмет атқарып келеді.

Ол 7 магистр дайындап, казіргі күні магистрант М. Мусатаевның ғылыми жетекшісі болып табылады.

100 ден астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы.

Оның қалыптау машиналарын құрылғылау бойынша еңбектері Қазақстан Республикасында, сонымен қатар Ресей, АҚШ және т.б. елдерге танымал.


Богомолов Алексей Витальевич, техника ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, 1971 жылы туған, 1988 ж. орта мектепті алтын медальмен бітіргеннен кейін Павлодар индустриалды институтына түсті. 1993 жылы «металдарды қысыммен өңдеу технологиясы және машиналары» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің машинажасау факультетін үздік дипломмен бітірді. Университетті аяқтағаннан кейін «Павлодартрактор» АҚ құю-ұсталық зауытында инженер-конструктор, бас металлург бөлімінде бюро бастығы, орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 2003 – 2009 ж.ж. С. Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасына аға оқытушы қызметін атқарды.

2005-2007 ж.ж. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің (Астана қ.) стандарттау және сертификаттау кафедрасына 05.16.01 «металдарды термиялық өңдеу және металтану» мамандығы бойынша ізденуші болып бекітілді.

2010 жылы Ж. Абишев атындағы химия-металлургиялық институтының диссертациялық кеңесінде (Қарағанды  қ.) 05.16.01 «металдарды термиялық өңдеу және металтану» (ғылыми жетекші т.ғ.д., профессор Канаев А.Т., ғылыми консультант т.ғ.к., профессор Сержанов Р.И.) мамандығы, «Комплексное исследование и разработка технологии деформационно-термического упрочнения арматурного проката из непрерывнолитых заготовок» тақырыбы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденушілікке диссертация қорғады.

2010 ж. маусым айынан осы күні С. Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасының доценті. 100 астам ғылыми басылымдары бар (соның ішінде 17 өнертабысқа патент, 1 монография).

Дипломдық жоба жетекшісі ретінде 250440 «Металдарды қысыммен өңдеу және машиналары», 140340 «Металлургиялық машиналар және жабдықтар», 050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар», 050709 «Металлургия» мамандықтары бойынша 70 астам түлектерді даярлады.

Инновациялық жобаларды әзірлеуде белсенді айналысып келеді, облыстық және республикалық конкурстарда нәтижелі қатысып жүр. (2006ж. 1 дәрежелі диплом, 2008ж. – 3 дәрежелі диплом).

2009 жылы университеттегі ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі нәтижелері бойынша «Үздік жыл ғалымы» дипломын алды. 2011 ж. «С.Торайғыров атындағы ПМУ үздік доценті».

Ғылыми қызығушылықтары: металл материалдарын беріктендіру, термиялық өңдеу және металтану, металлургиялық зауыттардың механикалық жабдықтары.


Быков Петр Олегович, техника ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті, 1979 жылы Павлодар қ. туған. 2001 жылы «Құю өндірісінің технологиясы және машиналары» мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін үздік дипломмен бітірді. 2001-2002 жылы «Машина жасау технологиялары және жабдықтары» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ магистратурада оқып, «Исследование гидравлических сопротивлений в литниковых системах методом гидравлического моделирования» тақырыбы бойынша магистрлік диссертацияны қорғап (ғылыми жетекші т.ғ.к., профессор Сүйіндіков М.М.) академиялық ғылым магистрі деген дәреже берілді. 

2010 жылы Ж. Абишев атындағы химия-металлургиялық институтының диссертациялық кеңесінде (Қарағанды  қ.) 05.16.02 «қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» (ғылыми жетекші т.ғ.д., профессор Никитин Г.М., ғылыми консультант т.ғ.к., профессор Сержанов Р.И.) мамандығы, «Исследование формирования однородности непрерывнолитого слитка с целью улучшения качества прокатной продукции» тақырыбы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ізденушілікке диссертация қорғады.

2002 жылдан осы күні С.Торайғыров атындағы ПМУ  металлургия кафедрасында қызмет етеді. Зерттеуші-стажер, ассистент, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарды. Жалпы еңбек және ғылыми педагогикалық өтілі – 10 жыл.

2007 жылы П.О. Быков С.Торайғыров атындағы ПМУ үздік аға оқытушысы» танылды. 2008 жылы П.О. Быков Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің жас талантты ғалым стипендиясының игері.

100 астам ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалары, оның ішінде 16 инновациялық және ҚР берілген патенттер.

Қатысқан халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференциялары: Павлодар, Карағанды, Алматы, Өскемен, Душанбе және Екатеринбург.

Республикалық және облыстық конкурстарға үздік инновациялық жобаларға қатысты. 2006 жылы облыстық конкурста 1 орынға ие болды, 2007 жылы – 2 орынға, ал 2009 жылы – 1 орын алды. 2008 жылы «Ұлттық инновациялық қор» АҚ ұйымдастырған IV NIF$50k бизнес-жоспар ұлттық инновациялық конкурстың финалисті болды.

«Металлургия» мамандығында оқитын студенттердің эдвайзері.


Сембаев Нурболат Сакенович, техника ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ доценты, туған жылы 1980. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне 1999 жылы оқуға түсті, 2004 жылы «Автомобиль и трактор жасау» мамандығы бойынша инженер-механик квалификациясын алып оқуын аяқтады. Оқу барысында ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты, университеттің қоғамдық іс-шараларында белсенді қатысты. 2004 жылдың қыркүйек айында С. Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасына ассистент қызметіне алынды. ЖОО жалпы жұмыс өтілі-7 жыл.

2010 жылдың 25 маусымында Қ. И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесте 05.03.01 – «Механикалық және физико-техникалық өңдеудің технологиясы мен жабдықтары» мамандығы бойынша «Комплексная оценка качества труб и технического состояния трубопрокатного оборудования квалиметрическими методами» тақырыбы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғаған.

2010 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі кезге дейін С. Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасының доценты. 40-тан астам ғылыми енбектері бар (соның ішінде өнертабысқа берілген 6 патент).

2012 жылдан ММжКФ деканының жалпы мәселелер бойынша орынбасары.

Дипломдық жоба жетекшісі ретінде 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», 050709 «Металлургия» мамандықтары бойынша 30 астам тәлімгерлер дайындаған.

«Жас ғалым» бағдарламасы бойынша зерттеу жұмыстарының жетекшісі, факультеттің бағыттары бойынша инновациялық жобаларды жасаумен белсенді айналасуда.


Тусупбекова Марал Жанбулатовна, магистр, аға оқытушы, «Құю өндірісінің технологиясы және машинасы» мамандығы бойынша Павлодар индустриалды институтының С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің түлегі.

2009 жылы магистратураны 6N0724 – технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша тамамдады.

2001 жылдан С. Торайғыров атындағы ПМУ «Металлургия» кафедрасында қызмет жасап келеді. 2009 жылдан факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары.







Маздубай Асылхан Владимирович, С. Торайғыров атындағы ПМУ магистры, аға оқытушы, Павлодар облысының Лебяжье селосында 1984 жылдың 26 маусымында дүниеге келген. 2001 жылдан 2006 жылға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрылыс, көлік және машинажасау факультетінде «Металлургиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы юойынша оқыды.

2006 жылдан 2008 жылға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде

«Металлургия» мамандығы бойынша магистратурада оқып, «Арматура илемінің сапасын жоғарлату мақсатымен сортты илемдеу орнақтарының жабдықтар жұмысының тиімділігін зерттеу» (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., профессор Сержанов Р.И.) тақырыбы бойынша диссертацияны қорғады.

Сонымен қатар 2006 жылдан бастап Маздубай Асылхан Владимирович металлургия кафедрасында ассистент қызметін атқара бастады. Қазіргі кезде металлургия кафедрасының аға оқытушысы.

Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Маздубай А.В. ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстармен белсенді айналысып келеді. Ғылыми және кәсіптік іс-әрекет барысында 8 жұмыс басып шығарылған, соның ішінде 4 жұмыс ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша. Республикалық және халықаралық ғылыми конференциялардың қатысушысы.

Ғылыми зерттеу бағыты: илем өнімінің сапасын жоғарлату.


Кулумбаев Нурбулат Калиевич, С. Торайғыров атындағы ПМУ магистры, аға оқытушы, «Металлургия» кафедра зертханасының меңгерушісі, Целиноград облысы,  Селетинск  районының Байлюсты селосында 1967 жылдың 19 наурызында дүниеге келген. 1984 жылы Павлодар облысы, Ертіс районы, Қызылжар селосының № 5 Ертіс орта білім беру мектебін бітірді.

1991 жылы «Құю өндірісінің технологиялары мен машиналары» мамандығы бойынша Павлодар  индустриалды институтты бітіріп, В.И. Ленин атындағы поршен шығыршықтарды шығаратын Макинск заводына жіберілді. Заводта мамандығы бойынша 2 жыл істеп, 1993 жылдың тамыз айында  Степногорск қаласына көшіп, онда 2000 жылға деиін Степногорск подшипник заводында құю-механикалық цехының аға мастері боп жұмыс істеді.

2001 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы ПМУ «Металлургия» кафедрасының оқу шебері лауазымы бойынша жұмыс істей бастады. 2002-2006 жылдары кафедрада инженер болып жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Металлургия»  кафедрасының зертхана меңгерушісі болып жұмыс істейді.

2005 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ магистратурасына түсіп, 2007 жылы оны бітірді (ғылыми жетекшісі т.ғ.к, доцент Абдрахманов Е.С.)



Каршигина Зауре Байтасовна, ғылым магистры, С. Торайғыров атындағы ПМУ аға оқытушысы, 1987 жылы «металлургиялық үрдістерді физико-химиялық зерттеу» мамандығы бойынша В.И. Ленин атындағы КазПТИ бітіріп, инженер –металлург дипломын алды. Институтты аяқтағаннан кейін 1987-1989 жылдар Семей облысының Жезкент тау-кен-байыту комбинаттында зерттеу зертханасында флотатор қызметін атқарды.

1989-1996 жылға дейін Павлодар алюминийі зауытында химико-металлургиялық цехында аппаратшы-гидрометаллург, металлургиялық –сынақ цехында – зерттеу тобында инженер-технолог қызметтерін атқарды.

2000-2003 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытында орталық зертханада жұмыс істеді. 2003 жылдың қыркүйек айынан осы күнге дейін С. Торайғыров атындағы ПМУ металлургия кафедрасында аға оқытушысы қызметін атқарады.

2010 жылы З.Б. Каршигина «С.Торайғыров атындағы ПМУ үздік аға оқытушысы» болып танылды.

Қатысқан халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференциялар: Павлодар, Карағанды, Балхаш, Житикара, Мәскеу, Оскемен, Одесса және Екатеринбург.

С.Торайғыров атындағы ПМУ квалификацияны жоғарлату курсын өтті, «Кредиттік оқу технологиясы» курсы бойынша (2004ж.) сертификат алған.

30 астам басылымдары, соның ішінде 1 өнертабысқа авторлық куәлігі бар.


Байділдаева Гүлмира  Балтабаевна, С. Торайгыров атындағы ПМУ оқытушысы, 1986 жылы В. И. Ленин атындағы ҚазПТИ бітірді, «Түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша инженер – металлург дипломын алды.

1986 жылдан 1997 жылына дейін «Қазақстан алюминийі» АҚ опытно-металлургиялық цехтың зерттеу бөлімінде  инженер-технолог лауазымында жұмыс істеді..

2003 жылы С. Торайгыров атындағы ПМУ бітірді, «Финансы және кредит» мамандығы бойынша инженер – финансист дипломын алды.

2002 жылдан 2003 жылға дейін С. Торайгыров атындағы ПМУ колледж  оқытушысы. 2003 жылдан С. Торайгыров атындағы ПМУ оқытушысы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

30 астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері бар, ғылыми-әдістемелік еңбектерінің көпшілігі мемлекеттік тілде.




Штиль Ирина Эдуардовна, ғылым магистры, С. Торайгыров атындағы ПМУ аға оқытушысы, 1984 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

2006 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құю өндірісінің машиналары мен технологиялары» мамандығы бойынша үздік бітірді.

2006 жылдан 2008 жылға дейін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша магистратурада оқып, 2008 жылы «Исследование формирования кристаллического строения непрерывных заготовок с целью повышения качества» (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., профессор Суюндиков М.М.) тақырыбы бойынша магистерлік диссертацияны қорғады.

Сонымен қатар 2006 жылдан бастап Штиль Ирина Эдуардовна металлургия кафедрасында ассистент қызметінен бастап, қазіргі кезде аға оқытушы қызметінде жұмыс атқарып жүр.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

«Основы проектирования и проектирование металлургических объектов», «Автоматизация металлургического производства», «Механическое оборудование металлургических заводов» және т.б. пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерді жасауға қатысуда.

Ғылыми және кәсіптік іс-әрекетінің барысында 4 жұмыс басып шығарды. Ғылыми зерттеу бағыты: Металлдарды құюдың гидроүлгілеуі.


Шошай Жансерік - магистр, оқытушы, 1984 жылы туған. 2008 жылы «Құю өндірісінің технологиясы және машиналары» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы  Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2008 жылдан 2010 жылға дейін «Металлургия» мамандығында С. Торайғыров атындағы ПМУ магистратурасында оқыды және «Балқыманы сүзгілеп өткізетін құю жүйелерін зерттеу және оңтайлы құрылымын таңдау» (ғылыми жетекшісі т.ғ.к., профессор Сүйіндіков М.М.) тақырыбы бойынша магистрлік диссертацияны қорғады.

Жұмыс өтілі-3 жыл. 2008 жылдан ассистент, 2010 жылдан металлургия кафедрасының оқытушысы.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.






Абсолямова Динара Ризахметқызы, технологиялық машиналар мен жабдықтар магистры академикалық дәрежесіне ие, аға оқытушы. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Металдарды қысыммен өңдеу машиналары мен технологиясы» мамандығы бойынша түлегі.

2009 жылы «Дайындамаларды үздіксіз құю машинасының тарту-түзету құрылғысы жұмысының тиімділігін жоғарлату» тықырыбы бойынша 6N0724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығы бойынша С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.

2004 ж. бастап металлургия кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады, металлургиялық мамандықтарының студенттері үшін дәріс және тәжірибелік сабақтарын екі тілде жүргізеді.

Абсолямова Д.Р. 15 ғылыми жұмыстардың авторы, соның ішінде өнертабысқа 3 авторлық куәлік.


Жакупов Алибек Ныгматуллович, магистрант, аға оқытушы

Білім:

2001-2006 ж. – С.Торайғыров атындағы ПМУ

Мамандық: Металлургиялық машиналар мен жабдықтар

Біліктілік: Инженер (маман) – үздік диплом

2007-2009 ж. – Инновациялық Еуразия университеті

Мамандық: Экономика

Біліктілік: Экономист (бакалавр) – үздік диплом

Жұмыстың тәжiрибесi:

2006 (шілде) - 2011(маусым) – ПФ ЖШС «KSP Steel» (құбыр жасау зауыды)

Қызмет: өндiрiстiк бөлiмшенiң мастерi

Міндеттер: Бөлiмшедегi өндiрiстiң ұйымы, авариялық жағдайлардың қосалқы бөлшектер, жоюға мәлiмдемелерiнiң технология және шығарылатын өнiмнiң сапасын қызметкерлердi басқару,  қауiпсiздiк және қауiпсiз жұмыстарды орындауды әдiстi сақтаудың бақылауы, құрастыруы, өндiрiстiң жоспарының орындауы.

2011 (маусым) – 2011 (қазан) – ПФ ЖШС «KSP Steel» (құбыр жасау зауыды)

Қызмет: бөлiмшенiң басшысын орынбасары (бұранда тiлу, жылу өңдеу, түтiктердi түсiру және сапаны бақылау).

Міндеттер: Ауысымның процесiнде цехтың қызметкерлерiн қабылдау және үйрену, ауысымды тапсырманың беруi және орындаудың бақылауы, жұмыс, ұжыммен басқару жабдық, мүмкiндiктердiң есебi бар тапсырмаларымен қамтым табельдер, техникалық күйдi бақылау технологиялық және сызбалардың конструкторлық құжатпен, оқуы, жүргiзумен қойма, жұмыспен металдың тапсырыс және алуы.

2011 (қазан) – 2012 (мамыр) – ПФ ЖШС «KSP Steel» (құбыр жасау зауыды)

Қызмет: ауысымның бастығы

Міндеттер: Технологиялық сызықтардың арасындағы металдың ағынын тарату, жоспардың орындауы бойымен өндiрiстiк цех бөлiмдердi белсендiлiк тiкелей басқару өндiрiстiк-техникалық және еңбектi қорғауды басқару жүйес туралы жағдай барлық қызметтердiң жұмысын бақылау, мақсатты анықтау және (шеберлер ) цех бөлiмдердiң жетекшiлерiнiң функционалдық мiндеттiлiктерi, цех бөлiмдердi жұмыс үшiннiң еңбегiнiң қауiпсiз жағдайларын алынған тапсырмаларының қызметкерлерiн орындаудың сапасын бақылаудың жүзеге асыруы, қамтым келiсемiн, қайта ұйымдастыру туралы ұсыныстың цехының басқаруы және цех бөлiмдердi жұмыстың жақсартуына өкiлдiк ету

2012 (қыркүйек) – қазіргі дейін – С.Торайғыров атындағы ПМУ

Қызмет: аға оқытушы

Қосымша дағдылар:

2006 – Оңтүстік-Оралы мемлекеттік университетте «Құбыр өндірісі» мамандық бойымен кәсіби қайта даярлау.

2006 (қазан-қараша) –Baogang (Баоту қаласы-Қытай) құбырлар жасау зауытында сынау мерзімі.

2008 (сәуір) – металдың сапаны бақылаудың магнит ұнтақ және көз мөлшерi әдiстерімен үйрену.

2011 (қазан) –  «ағылшын техникалық тiлi» курстары, сертификаттың алуымен



Бакиров Алтынсары Газизович, оқытушы.

1985 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. 2003 жылы № 39 жалпы орта білім беретін мектепті үздік аттестатпен бітірді. Сол жылы Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттінің «Металлургия және полиграфия»  факультетінің «Түсті металлдар металлургиясы» мамандығына оқуға түсті. 2008 жылы аталған университетті «инженер-металлург» біліктілігі бойынша үздік дипломен бітірді.  2008 жылы университетің бағыты бойынша Павлодар қаласындағы ААҚ «Қазақстан Алюминий» зауытына Гидрометаллургиялық цехына аппаратчик-гидрометаллург лауазымына  орналасады. 4 жыл уақыт аралығында гидрометаллургиялық цехының барлық бөлімшелерінің технологиялық үрдістер жұмыстарымен  танысты. Буландыру бөлімшесінің операторы болып қызметін атқарды. 2012 жылдың қырқүйек айынан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік Университеттінің «Металлургия, машина жасау, көлік» факультетінің «Металлургия» кафедрасында оқытушы қызметін атқарып келеді.

 
 
 
 

Портал бойынша іздеу


Бізбен болыңыздар: Twitter Facebook Youtube
 

Жаңалықтар, хабарландырулар

 

Іс-шаралар күнтізбесі

 2013
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
 

Мәдени мұра

 
                                           
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2009-2012, E-mail: