Жаңалықтар, хабарландырулар

Іс-шаралар күнтізбесі

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
23 24 25 26 27 28 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Раскрутка сайта, Оптимизация сайта, Продвижение сайта, Реклама!

Ректор туралы

Жеке мұрағаттан

Ғылыми еңбектерінің тізімі

Арын Ерлан Мұхтарұлы 1961 жылы 23 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия – экономикалық факультетін саяси экономика мамандығы бойынша үздік белгімен бітірді. 1983 жылдың қыркүйегінен бастап стажёр – зерттеуші, оқытушы, аспирант, ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, Қазақ ССР ғылым Академиясы экономика институтының докторанты. 1992 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджменті, экономикасы және болжау институтының стратегиялық зерттеу орталық директорының орынбасары. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды. В 1994 жылы "Экспортная ориентация национальной экономики»(Қазақстан Республикасы материалдары негізінде) атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 1994 жылдың тамызынан Қазақстан даму институтының президенті болды. 1997 жылы профессор ғылыми атағы берілді.

1997 жылдың қарашасымен 2001 жылдың ақпан аралығында Е.М.Арын Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Вице-Министрі, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің бірінші Вице-Министрі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің бірінші Вице-Министрі болды.2001 жылдың ақпанынан бүгінгі күнге дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемелекеттік университетінің ректоры болып жұмыс істейді.

Профессор Арын Е.М Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми - зерттеу орталықтарының алғашқы ұйымдастырушысы мен жетекшісі болып табылады:Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу Институты және Қазақстан даму Институты. Жұмыс тобының мүшесі және жетекшісі болып, Қазақстан Республикасының білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларында, ұлттық экономикалық бағдарламалар жобаларында жаңа заңнамалық актілерін жасауда іргелі жаңалықтар енгізді.

Е.М.Арын 200-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде монографиялар, жоғары оқу орындары мен орта мектептерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары, сөздіктер және энциклопедиялар Қазақстанда, Ресейде, Қытайда, Австрияда, Швейцарияда, Жапонияда, Францияда жарық көрген Қарағанды экономикалық университеті жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі. Ерлан Мұхтарұлының ғылыми жетекшілігімен 7 докторлық және 23 кандидаттық диссертация дайындалып, сәтті қорғалды. Оның төрт шәкірті – жас ғалымдар «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты сыйлығын алды. Е.М.Арын 1994 жылы «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ал 2007 жылы Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық иегері болды. Қазақстанның бір қатар университеттерінің құрметті профессоры, бір қатар республикалық және халықаралық академияларының нақты мүшесі болып сайланды. 2005 жылға дейін «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының Вице-президенті, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар Академиясының Вице-президенті болды. 1997 жылы Қазақстанның бес қоғамдық – саяси қызметкерлерінің арасында бұқаралық ақпарат құралдарымен «Жыл Адамы» атанды. Әр жылдарда ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссияның мүшесі, мемлекеттік сыйлықтар және т.б. бойынша мемлекеттік комиссияның мүшесі болды.

Профессор Е.М.Арынның редакторлығымен үш томдық «Қазақ мәдениеті» энциклопедиясы, тоғыз томдық «Қазақтар» энциклопедиялық анықтағыш жарық көріп, ғылыми - педагогикалық қоғамдастықта кеңінен қолдау тапты.

2001 жылдың ақпанында экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Мұхтарұлы Арынның С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне басшы ретінде келуі - жоғарғы оқу орнының барлық салалары белсенді дамуымен байланысты болды. Бұл жылдары студенттік контингент төрт есе өсті, университет құрамында колледж ашылды, мұражайлар кешені жасалды, ғылыми зерттеудің кең спектрі бойынша 14 ғылыми- практикалық орталықтар құрылды, мамандықтар түрлерінің саны кеңінен ашылды.

2003 және 2007 жылдары С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Е.М.Арын Павлодардықтардың біртұтас дауыс беруімен III және IV шақырылған облыстық Мәслихаттың депутаты болып сайланды, Павлодар облысының әлеуметтік – мәдени дамуы бойынша комиссияның төрағасы болып табылады. Бұл аймақтық жоғарғы оқу орнының басшысына Павлодар облысында өткізілетін бірқатар ірі шаралардың ұйтқысы, қоғамдық қайраткер ретіндегі жоғарғы беделін көрсетеді. Е.М.Арынның тікелей жетекшілігімен университет ғалымдары «2001-2003жж Ертістің Павлодар өңіріндегі эдномәдени зерттеулер» және «2004-2006 жж Мәдени мұра», «2007-2009жж Мәдени мұра» атты облыстық бағдарламалардың жасаушысы мен негізгі орындаушылары болды. Е.М.Арынның ұсынысымен оқу орнында жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, қазақ халқының мәдениет мұраларына ұқыпты қарау, және ұрпақтар сабақтастығы бағытында жаңа дәстүрлер енгізді. Е.М.Арынның тікелей жетекшілігімен және ұсыныстарымен – «Ертіс жұлдыздары» фестивалі, ірі ғылыми және спорт шаралары, «Өлкетану» экспедициясы мен «Ертістің Павлодар өңірі» алғашқы энциклопедиясы, Естай атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрі, қазақтың ойшылдары мен ғалымдары туралы 50 томдық «Рухнама», «Тарихи тұлғалар», «Ұлы Дала даналары», 30 ғылыми бағыт бойынша орысша – қазақша түсіндірме сөздіктер, студенттік филармония, «Денсаулық» медицина орталығы ашылды, бұл атқарылған істердің біршамасы ғана. Оқу орнының ректорының басқаруымен С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми Кеңесінің ұсынысы бойынша облыс орталығының бас көшелеріне Қазақстанның белгілі ғалымдары – академиктер Қ.И.Сәтбаев, Ш.Ш.Шокин, А.Х. Марғұлан, А.Б.Бектұров есімдері берілді. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенттігіне сайлауы бойынша облыстық штабты басқарды. Павлодар облыстық мәслихатында «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі, мәслихаттың әлеуметтік және мәдени дамуы бойынша тұрақты комиссиясының әрдайым төрағасы болып табылады.

«Құрмет» орденімен (2004ж) және «Астана» (1998ж), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж), «ҚР Ата Заңына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008ж), сонымен қатар ведомстволар мен ұйымдардың халықаралық және республикалық наградаларымен (орден, медальдар, құрмет атақтарымен) марапатталды.

Ол жұмыста өзінің іскерлігімен, ерекше ойлау қабілетімен, болашақты көруімен, жұмыс жүйесін дұрыс жүйелеуімен, мақсат етіп қойылған ісінің нәтижесіне жетуімен ерекшеленеді.