"Радиоэлектроника және телеқатынас" кафедрасы
Кафедраның құрылу тарихы
«Радиоэлектроника және телеқатынас» кафедрасы 2007 жылы «Электр техникасының теориялық негіздері» 1965 жылы құрылған кафедрасы базасы негізінде ұйымдастырылды.
2008 жылдан бастап Радиоэлектроника және телеқатынас кафедрасы 050719 Радиотехника, электроника және телеқатынас мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау қызметінен бастады.
2008 жылы осы мамандық бойынша оқитын студенттердің алғашқы жиынтығы жүзеге асты. Осы студенттер үшін «алғашқы» деген анықтамалық сөз өмір бойы сақталып қалады.
РЭТ-101 және 102 топтарының студенттері 050719 Радиотехника, электроника және телеқатынас мамандығында оқитын студентердің алғашқы жиынтығы
Кафедра басшылығы

Кафедра меңгерушісі – Тастенов Амангелді Дыбысбекұлы.
Тастенов Амангелді Дыбысбекұлы – техника ғылымының кандидаты, доцент, С.Торайғыров ат. ПМУ-дің профессоры.
Павлодар индустриялық институтының — С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі. 1988 жылы Мәскеу кен институтының (университетінің) күндізгі бөлім аспиарантурасын бітірген, техника ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған. 1993 жылы ҚР ЖАК доцент лауазымы берілді. 2005 жылы Ғылыми кеңестің шешімімен С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры лауазымы берілді. 100-ге жуық ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы.
С.Торайғыров ат. ПМУ-де үзіліспен 1980 жылдан бері істейді. Бір кезеңдерде Қ.Сәтбаев атындағы ЭИТИ-де энергетика факультетінің деканы, энергияны жабдықтау жөніндегі менеджер, кейін «Мемэнергоэкспертиза» Мемлекеттік энергияның экспертизасы кәсіпорнының (МЭЭ) бас менеджері болып жұмыс істеді. 2003 жылдан бері еңбекті халықаралық ұйымдастыру (ЕХҰ) мәселелері жөнінде өнеркәсіп кәсіпорындарындағы басшылар мен мамандарға семинар жүргізеді.
Кафедра Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 64 үйде, 425 кабинетте, тел. 673674 (1325) университеттің бас корпусында (А корпусы) орналасқан.
Мамандықтар және мамандырулар туралы
Профессор-оқытушылар құрамы
Оқу-зертханалық база
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар