Кафедраның құрылу тарихы

Кафедра 1997 жылы, 1962 жылдан бастап негізделген «Машина жасау технологиясы» және «Металлды кесу жабдығы» екі кафедраның қосылу нәтижесінде пайда болды.

2002 жылдан 2011 жылдар аралығында "Машина жасау және стандарттау" кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Шумейко Иван Алексеевич. 2011 жылдың тамызынан бастап кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ықсан Жанар Мұнсызбайқызы тағайындалды.

Бастапқыда кафедрада жұмас істегендер: т.ғ.к., профессор Баймагамбетов Темиртай Шайхенович, т.ғ.к., профессор Проскуряков Анатолий Фёдорович; т.ғ.к., профессор Дудак Николай Степанович, аға оқытушылар Аукенов Мурат Майжанович, Малыхина Юлия Александровна.

 

Кафедра басшылығы

 

Ықсан Жанар Мұңсызбайқызы - т.ғ.к., С. Торайғыров атындағы ПМУ доценті, кафедра меңгерушісі

Білімі:

1996-2001 ж.ж. − «Машина жасау технологиясы» 250140 «Машина жасау технологиясы, металл кескіш аспаптар мен білдектер» мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде оқыды.

2001-2002 ж.ж. − «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураны аяқтады. Магистрлік диссертациясында машина жасау өнімнің сапа және стандарттау мәселелерін зерттеді.

2002-2010 ж.ж. − «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының ассистенті және аға оқытушысы лауазымдарында жұмыс істеді..

2010 ж. – 05.02.23 – Стандарттау және өнім сапасын басқару мамандығы бойынша Л.Н Гумилёв атындағы ЕҰУ техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми атағын ізденуге диссертацияны қорғады. Кандидаттық диссертацияның тақырыбы «Термиялық қолайлы сұрып илемнің сапасын басқару әдісін зерттеу».

2010 ж. желтоқсан – С. Торайғыров ат. ПМУ доценті.

2011 жылдан казіргі уақытқа дейін – «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі.

Жүргізетін пәндері: Квалиметрия, Дайындаманы дайындау және жабалау, Сапа менеджмент жүйесі, Машина жасаудағы квалиметрия, Жаңашылдық және ғылыми-зерттеу қызметтерін жоспарлау, ұйымдастыру, «Машина жасау», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Метрология» мамандықтары бойынша магистранттар және 60 шақты түлектерді дайындады, ғылыми-оқытушылық кадрларды дайындауда белсенді жұмыс атқарады.

Еңбек өтілімі: 14 жыл.

Жұмыс уақыты кезенінен бастап 35-дан астам ғылыми-әдістемелік басылымдар және еңбектері, соның ішінде өнертабысқа 4 инновациялық ҚР патент, 1 монографиясы, 2 оқу құралы бар, шетелдік журналдарда басылымдар, метрология бойынша қазақша-орысша терминологиялық және сөз тіркестер сөздігі, сапаны басқару және стандарттау.

Ғылыми зерттеу бағыты: стандарттау және және техникалық реттеу, өнеркәсіптік өнімнің сапасын тиімділігін арттыруын  зерттеу, технологиялық басқару және метрология.

Ғылыми зерттеу қорытындылары еңгізіліп және де оқу үрдісінде «Машина жасау», «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім бағдарламаларын іске асыру үшін қолданылады.

Кәсіби жетістіктері: 

1. 2012 ж. – Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин» сыйлы төс белгісі берілді.

2. «Eurasian Higher Education Leaders Forum» халықаралық форумына қатысып сертификат алды, Назарбаев университеті, маусым 2015 ж.

3. Біліктілікті жоғарлату бойынша «Innovative Teaching and Learning Strategies» сертификат алды, Пенсильвания университеті, қ. Филадельфия (США), шілде 2015 ж.

4. Біліктілікті жоғарлату бойынша «Introductory Workshop on Educational System in Sweden» сертификат алды, қ. Лунд (Швеция), желтоқсан 2015 ж. 

 

Кафедраның орналасқан мекен-жайы

Ак.Шөкин көшесі, 139, Б1 корпусында, 212, 214 кабинеттері, металлургия, машина жасау және көлік факультеті, байланыс телефоны 673633 (ішкі 1201).

 

 

 

Мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы

Профессор-оқытушылар құрамы

Материалды-техникалық база

Ғылыми-зертханалық жұмысы

Тәрбие жұмыстары

«Машина жасау және стандарттау» кафедрасының студенттері

Оқу-әдістемелік жұмыс

Жетістіктер

Дипломдық жұмыстар/жобалар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыбтары