«Машина жасау және стандарттау» кафедрасының жетістіктері

1 Оқу процесі

5В071200 – Машина жасау мамандығының күндізгі және сырттай оқитын студенттер ПФ ЖШС «KSP Steel» кафедра филиалында қос оқу технологиясы бойынша оқулы жалғастырады (Мж-301, Мс-302, Мс-402, ДМс-302(қ) топтары), барлығы 60 студент.

Осы кәсіпорында сырттай оқитын студенттердің 80% жұмыс істейді.

Қос оқу жүйенің негізгі артықшылықтары:

- қос оқу технологиясы теория мен тәжірибенің арасын жояды;

- жоғары мамандықты кадрларды дайындауда кәсіпорынның жетекшілері мүдделілік көрсетеді;

- шығару кафедрасының оқу үстінде келешек маманға ұсынылатын өндірістік талаптарды есептеу мүмкіндігі бар;

- студенттердің қазіргі технологияларды және жоғары өндіруші құрал-жабдықтарды оқып білу.

1 фото – ПФ ЖШС «KSP Steel» кафедра филиалында өтетін оқу сабақтары

Академиялық мобильділік

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетте 5 семестрде СМС-302 тобының 3 студенті оқыды: Асылбекова М.Ж., Васильченко А.Ю., Кучукова М.А.

Томск политехникалық университетінде 3 семестрде 6М075000 – Метрология мамандығының, ММр-21н тобының магистранты Сулеева С. О. оқыды.

5В071200 – Машина жасау мамандығының Мс-402 тобының студенттеріне 02.09. - 15.09.2013 ж. арасында Люблин политехникалық университетінің профессоры Вальдемар Вуйцек (Польша) «Сала бойынша автоматтандырылған жүйелер» пәні бойынша дәріс курсын және СӨОЖ оқыды.

2013 ж. желтоқсан айында 6М071200 – Машина жасау мамандығының 2 курс магистранттары Уразалимова Д. С. және Седунов Д. А. Ақпаратты технологиялар, механика және оптиканың Санкт-Петербург ұлттық зерттеу университетінде ғылыми тәжірибеден өтті.

2 Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедрада 2012 ж. қазан айынан – 2014 ж. желтоқсан айына дейін 4 млн. 200 мың жалпы қаражатқа ҚР БҒМ гранты бойынша мемлекеттік-бюджеттік ҒЗЖ орындалады. ҚР БҒМ 2013 ж. қазан айында екінші техникалық аралық есеп тапсырылды; орындалған жұмыстың экспертизасының нәтижесінде ҒЗЖ нәтижелердің ең жоғары баға берілді (жоба жетекшісі проф. Шумейко И.А.).

«Машина жасау өнімді жасау және сапасын бақылау кезінде метрологиялық қамтамасыз ету мысалдарды дайындау бойынша ғылыми-техникалық көмек көрсету» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жасау үшін 120 мың теңгеден тұратын қаражат үшін «Иртыш-стандарт» ЖШС 2014 ж. сәуір айында келісім-шарт жасалды (жетекшісі доцент Касенов А. Ж.).

Машина жасау және энергетика бойынша студенттік конструкторлық бюросында желэнергетикалық қондырғылардың жобалары жасалған және жұмыс істейтін модельдері дайындалған:

- өнімділігі 4 л/мин жел-су көтеру қондырғы;

- қуаты 120 Вт жел-энергетикалық қондырғы.

Сайыстарға, тендерлерге қатысу және т.б.

- 27.09.2013 ж. Павлодар қ., «Нұр Отан» ХДП, «Жасыл» өсу нүктелердің регионалды желін қалыптастыру» регионалды форумында «Дауылдан қорғанышы бар жел генераторы» баяндамамен профессор Шумейко И.А. шықты.

- 31.10. 2013 жылы «Инновациялар – келешектің энергиясы» Халықаралық Инновациялық форумында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет ғалымдарының 20 жобасы көрсетілген, солардың ішінде Шумейко И. А. профессордың «Әмбебап жел-энергетикалық қондырғысы» жобасы да көрсетілді.

- 14.11.2013 ж. Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрында профессор Шумейко И. А. «Әмбебап жел-энергетикалық қондырғысы» инновациялық жоба ұсынылды.

- 23.11.2013 ж. профессор Шумейко И.А. және профессор Дудак Н.С. ЖАСТАР КОНСТРУКТОРЛЫҚ БЮРОСЫНЫҢ КӨРМЕСІНЕ қатысушыларды дайындау үшін ЖҚҰ «Павлодар облысының Қазақстандық студенттер альянсы» МБ «Павлодар облысының жастар саясаты сұрақтары бойынша Басқарудан» алғыс хаттарды алды.

2013-2014 оқу жылында өнертабысқа үш ииновациялық патент алынды:

- қайраған таспалы ұшталған көлденең жиексіз екіұшты спиральді бұрғы – авторлар Дудак Н. С., Таскарина А. Ж., Касенов А. Ж., Мусина Ж. К., Итыбаева Г. Т.;

- реттелуші төбесіз тістері және батпақ бунақтары бар құрастырылған  кескіш ұңғылағыш – авторлар Дудак Н. С., Таскарина А. Ж., Касенов А. Ж., Мусина Ж. К., Итыбаева Г. Т.;

- қосарлы төбесіз тістерімен, батпақ бунағымен және ауыспалы компенсациялы тілімшелерімен жабдықталған, құрастырылған кескіш ұңғылағыш – авторлар Дудак Н.С., Таскарина А.Ж., Касенов А.Ж., Мусина Ж.К., Итыбаева Г.Т.

Ұйымдар мен кәсіпорындармен ынтымақтастық

Бірнеше жыл бойы кафедра Карағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машина жасау технологиясы» кафедрасымен қызмет етеді (диссертациялардың алдын ала қорғауы, еңбектерді бірге жазу, ғылыми семинарлар және т.б.). Кафедра «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ, ПФ ЖШС «KSP Steel», ЖК «Фирстов А. А.» кәсіпорындарымен өте жақын жұмыс істейді (элективті пәндердің каталогын келістіру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша тапсырыстарды орындау, өндірістік тәжірибелерді өткізу, түлектерді жұмысқа орналастыру, төраға және рецензенттер ретінде ПМЗ АҚ жұмыскерлерін қатыстыру

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қаларының басқа кәсіпорындармен ынтымақтастық реттелген (өндірістік тәжірибелерді өткізуге арналған ұзақ мерзімді келісім шарттары, ҒЗЖ орындау бойынша тапсырыстарды орындау).

Студенттердің қоғамды және ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысу

5В071200 – Машина жасау мамандығының Мс-402 тобының студенті Нұркімбаев Сағыныш Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент Қорының – Ұлт Көшбасшысы студенттік оқу ақыны іздену үшін республикалық сайыста жеңімпаз болды. 11.10.2013 ж. Алматы қ. жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді, сертификат алды;

Мс-402 тобының студенті Нұркімбаев Сағыныш және ММаш-12н тобының магистранты студенті т.ғ.к., профессор Шумейко И. А. басқаруымен орындалған «Әмбебап жел энергетикалық қондырғының инновациялық жоба» жобасымен ЖҚҰ «Павлодар облысының Қазақстандық студенттер альянсымен» МБ «Павлодар облысының жастар саясаты сұрақтары бойынша Басқарумен» ұйымдастырылған конструкторлық бюросының облыстық сайысқа қатысты, 3 орын алды, диплом алынды, 25000 теңгедегі сертификат алынды (23.11.2013 ж.).

2013-2014 оқу жылында Қазақстанда өткізілген конференцияларда, олимпиадаларда жеңімпаз болған студенттердің тізімі

№   Аты-жөні, тегі  Факультет

Топ №, курс Марапаттарды, сауаттарды алу күні, жылы Конференцияның, олимпиаданың атауы Өткізу орны
 1  Нұркімбаев Сағыныш Маратұлы     ММЖжК Мс-402, 4 курс 11.10.2013 ж., ҚР Тұңғыш Президент Қоры оқуақының иеленушісі Студенттік оқу ақыны іздену үшін республикалық сайыс Алматы қ.
 2 Нұркімбаев Сағыныш Маратұлы    ММЖжК Мс-402, 4 курс 26.02.2014, II дәрежелі диплом  5В071200 – Машина жасау мамандығы бойынша жоғару оқу орындарының арасында өткізілетін VI Республикалық олимпиада Қарағанды қ., Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
 3 Нұркімбаев Сағыныш Маратұлы  ММЖжК Мс-402, 4 курс 23.11.2013 жыл, 3 орын Конструкторлық бюросының облыстық сайысы    Павлодар қ., ГУ

МБ «Павлодар облысының жастар саясаты сұрақтары бойынша Басқару»
ЖҚҰ «Павлодар облысының Қазақстанның студенттер альянсы»
 4 Ергібаев Арыстан Болатұлы    ММЖжК Мж-201, 2 курс    наурыз 2014 ж.,
1 орын   
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындардың студенттері арасындағы VІ Республикалық пәндік олимпиада К. Жубанов атындағы Ақтөбе регионалды мемлекеттік университеті

 5 Нұркімбаев Сағыныш Маратұлы     ММЖжК Мс-402, 4 курс 11.04.2014 ж., I дәрежелі диплом  «XIV Сәтбаев оқулары» жас ғалымдар, магистранттар, студенттер, оқушыларың Халықаралық ғылыми конференция Павлодар қ. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
 6 Суенова Малика  ММЖжК  СМС-102, 1 курс 11.04.2014 ж., III дәрежелі диплом «XIV Сәтбаев оқулары» жас ғалымдар, магистранттар, студенттер, оқушыларың Халықаралық ғылыми конференция     Павлодар қ. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

ЕNACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2014 (Алматы қ.) студент жастардың әлеуметтік және бизнес-жобалардың  ұлттық сайыстарында 2014 ж. 21-23 сәуір айында ПМУ командасы жобасын көрсетті.

Ұлттық сайыстарда Қазақстанның 45 жоғары оқу орындарынан студенттік командалар қатысты.

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің аға оқытушысы Руслан Мұқанов жетекшілігімен құрамында 16 студенті бар «Enactus PSU» ПМУ командасы лигасында құрметті 3 орын алды, МжС кафедрасынан Мж-301 және СМС-301 топтарының студенттері қатысты.

Оқу-әдістемелік жұмысы

Оқытушылармен жүргізілетін мамандықтардың барлық пәндерінен оқу-әдістемелік кешендер жасалды, солардың ішінде жұмыс бағдарламалары, дәріс конспектілері, тестік тапсырмалар, тәжірибелік сабақтарға, зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар.
Кейбір пәндерден кафедра оқытушалармен басылымға шығарылған және «Металл кескіш білдектер», «Бағдарламалы басқару жүйелері», «Сапа менеджментінің жүйелері» пәндерінен оқу-әдістемелік құрал басылымға дайындалып жатыр.

2013 жылы Алматы қ., ЖШС «Эверо» баспасында кафедра меңгерушісі Ықсан Ж.М. «Метрология, стандарттау және сапа басқару бойынша терминдер мен сөз тіркестерінің орысша-қазақша сөздігі» басылып шығарылған.

«Кереку» баспасы арқылы Денчик А.И., Итыбаева Г.Т., Касенов А.Ж. доценттердің көлемі 4 данадан тұратын оқу құралдары басылып шығарылды.

Кафедрада тәрбие жұмысы 9 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі: жалпы университеттік шаралар, мемлекеттік мерекелер; ұйымдастырушылық шаралар; саналық тәрбие; еңбек тәрбиесі мен кәсіби ориентациялық жұмыс; патриоттық, интернационалды тәрбие; құқықтық тәрбие; денсаулықты өмір түрі, туристтік-спорттық жұмыс; экологиялық тәрбие; жатақханадағы жұмыс.

Әрбір студенттік топқа эдвайзер бекітілген, жүйелі түрде топппен кездеседі, топтағы жағдайды жақсы білуі тиіс, әрбір студенттің мәселесін білуі тиіс. Дәстүрлі түрде кафедрада «Студентке арнау» іс шаралары өткізіледі, театрға қатысады, музейге барады.

Кураторлық сағатта жүйелі түрде үлгерім мәселесі қаралады, сабаққа қатысуы, тәртіп мәдениеті, этикалық және еңбек тәрбиесі қаралады.

Қазақстан Республикасының және РФ аймақаралық ынтымақтастығының Бизнес жиыны IX шегінде жоғары деңгейде ұйымдық жұмыстар нәтижелері бойынша ПГУ ректорының 20.10.2013 ж. №1-02-07/702 бұйрығына сәйкес Е.Р. Сабыров Мж-201 тобынан; Зейнешев Е.Р. СМС (м)-202 тобынан; Я.В. Литвинова Мс-402 тобындағы тәлімгерлер мен волонтёрларға алғыс жарияланған.

АҚ «Проммашкомплект» (Экибастуз қ.) өнеркәсібінде 02.11.2012 ж. Мс-402, Мс-302 топ тәлімгерлері болды шықты, онда көздеген мақсаты ары қарай өндірістік, диплом алды тәжірбенің өтуі және түлектердің жұмысқа орналасуы.

«Машина жасау және стандарттау» кафедрасының аға оқытушы Р.У. Каржубаева 19.03.2013 жылы «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА» қатысты бір топтың Мж-301: Бакибаева К.М., Калиасқарова А.А., Махметов М.Н., Мұратханұлы Б., Сарсикеев С.А., Смагулова Н.Е., Татыбаева Н.О., Тусупов К.А.; Мж-201 Көпей Ж.Ж., Сабыров Е.Р.; СМС-301 Сейфуллина М.Б., Сыздык А.Н., Тускеева Д.К., Смаилова А.Д.; СМС-201 Мырзабекова М.М., Серік Т.Б. қатысуымен, кафедра тәлімгерлері декан факультетің Т.Т. Тоқтагановты шақырумен мейрам Б-201 дәрісханада ұйымдастырылды; Соңымен қатар «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА» байланысты тақырыпқа қабырға газеті атты сайыс өтті, сайыста Мс-102, Мж-301, СМС-202 топтарының тәлімгерлері қатысты, 1-ші орынды СМС-201 тобының қабырға газеті алды. Мс-302 тобының тәлімгері Нуркимбаев С. К.И. Сатпаева ғылыми сыйлы диплом лауреатын иеленді, сонымен қоса 25000 мың теңге сертификатын алды.

Кафедра тәлімгерлері «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ» мерекесін тойлауда

Кафедра ішінде және сыртында тәлімгерлердің академиялық ұтқырылық жүйе жүзеге асырылуда. Прага қаласындағы Чех техникалық университетінде 2012-2013 оқу жылдарында 5-ші семестрді Мс-302 тобының студенттері Боранбаев Е., Кизатова А. және СМС-302 тобының тәлімгерлері Каирбаева Б., Калиева А. транскриптер мен сертификаттарын алып оқыды. Чеш техникалық университетінде оқуларының нәтижелері бойынша Калиева А., Каирбаева Б., Боранбаев Е., Кизатова А. «Жақын және алыс шет елдер университетерінде академиялық ұтқырлық оқу» атты дөңгелек үстелге қатысқан.

Прага қаласындағы Чех техникалық университетінде оқыған кафедра студенттері, 2012 ж.

Алматы қаласындағы К.И.Сатпаев атындағы Қазақстан ұлттық техникалық университетінде 2012-2013 оқу жылдарында 5-ші семестрді 5В071200 - Машина жасау мамандығының тәлімгерлері Мж-301 тобынан Мұратханұлы Б., Баймоллин Б. Тәлімгерлері транскриптер алып оқыды.

5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығының тәлімгерлері СМС-302 тобынан Зейнешев Е., Васильченко А., Путинцева О., Чурумбаева К., СМС-402 тобынан Маралбаева С., Оспанова Э., Рахметова Л., Хамзина А. (қаңтар 2013 ж.) Қарағандыдағы қысқы мектеп экономикалық Қазақсатан тұтыну одағы университетінде транскриптер алып оқыды.

2013-2014 оқу жылы ПФ ТОО «KSP Steel» филиалындағы «Машина жасау және стандарттау» кафедрасының оқу сабақтары «Металл кескіш білдектер», «Конструкторлық-технологиялық машина сапасын қамсыздандыру» пәндері Мс-302, СМС(м)-302 топтарында өткізілді.

ПФ ТОО «KSP Steel» филиалындағы кафедрасында Мс-302, СМС-302 топтар тәлімгерлерінің оқу сабақтары

Кафедраның ғылыми жұмысының негізгі бағыттары болып табылады:

1. Өнеркәсіптік өнімнің сапасын бақылау және басқару әдістерін зерттеу және жасау.

2. Өндірістің стандарттауы, сертификаттау және метрологиялық қамтамасыз етуінің тиімділігін жоғарлату.

3. Машина тетіктерінің беттік-пластикалық беріктендіру әдістерімен машинажасау өнімінің сапасын жоғарлатуын зерттеу.

4. Кесу құралдарының жаңа құрылымдарын жасап шығару.

5. Жаңарту көздерінің негізінде электр энергиясын алудың дәстүрлі емес технологиялары.

6. Машина тетіктерінің технологиялық сенімділігін қамсыздандыру.

 

Кафедрада профессорлық-оқытушылық құрамымен өткізілетін ғылыми-зерттеу және ақпараттық семинарлар ұйымдастырылған (1 фото).

1 фото – Зертханаларда өткізілетін кафедра семинарлары

Біліктілікті жоғарлату мақсатында барлық оқытушылар әрдайым Қазақстан және жақын шетелдегі елдерде өткізілетін курстар, семинарларға қатысады.

«Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры» Қоғамдық қорымен 1 070 635 теңге сомасына (жоба жетекшісі профессор Шумейко И.А.) «Қуаттылығы 3 кВт болатын жел энергетикалық қондырғының шығу параметрлерін зерттеу, тәжірибелік үлгіні жасау және шығару» тақырыбына № 198-10 30.11.2010 ж. шаруашылық келісімдік ғылыми-зерттеу жұмысы келісілді және орындалып жатыр.

2012-2013 оқу жылында - «Орташа қуатты желагрегат үлгісін сынау-өнеркісіптік жобасына» 4млн. 345 мың теңге көлемінде ғылми зерттеу қаржыландыруға 2014 жылға дейінгі мерзімге грант берілді ( жоба жетекшісі профессор Шумейко И.А.).

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрінің келуіне байланысты ұйымдастырылған С.Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми жетістіктер көрмесіне кафедра атынан бур қорғанышы бар әмбебап желэнергиялық қондырғы моделі ұсынылды. Бұл әзірлеме ҚР БҒМ министрін қызықтырды. Нәтижесінде, 29.03.2012 жылы «Регион» баспасында мақала жарияланды, мұнда әзірлеменің ерекшелігі ерекшелінген (әзірлеменің жетекшісі профессор Шумейко И.А.)

2013 жылы сәуір айында ИНеУ-де неміс кәсіпорындары қоздырғыш энергия көздері атты көрме ұйымдастырды, сол көрмеге т.ғ.к., профессор Шумейко И.А. және де Мс-302 тобының тәлімгері Нуркимбаев С. қатысып, көрмеде көрсетілген желэнергетикалық құрылым моделі жайлы телевиденядағы («24KZ», «Ирбис») ақпатат берді; сонымен қатар су көтеру үшін желагрегатты моделіде қатысып телевиденясында (канал «Казахстан-Павлодар») тамашаланды.

mmit_10

2 фото – Жел энергетикалық қондырғы үлгісін баптау (т.ғ.к., профессор Шумейко И.А., магистрант Христодоров А.)

mmit_11

3 фото – Жел энергетикалық қондырғының үлгісін сынау үшін аэродинамикалық құрбының авторлары (т.ғ.к., профессор Шумейко И.А., магистрант Коваль Ю.А.)

mmit_12

4 фото – Қуаттылығы 0,2 кВт жел энергетикалық қондырғыны баптау (магистрант Коваль Ю.А.)

«Жаңа кесу құралдары» ғылыми бағытына профессор Дудак Н.С. жетекшілігімен кафедра доценттері, магистранттар және студенттер қатысады (5-6 фото).

Жобаның мақсаты: өңдеу мен өнімділіктің сапасын жоғарлату үшін жаңа кесу құралдарын жасау: көлденең жиегі жоқ бұрғылар, үңгілегіш-тартажонғыштар, ұңғылағыш-тартажонғыштар, ұңғылағыштар, тесіктерді жону үшін кескішті бастиектер, төбесіз жону кескіщтері, қылыштық кескіш, тартажонғыштар, өңдедің жаға тәсілдері.

mmit_13

5 фото – Екі төбелі шиыршықты көлденең жиегі жоқ бұрғы

mmit_14

6 фото – Жонғыш станокта екі төбелі шиыршықты бұрғымен тесіктерді өңдеу

A.G.P.
Цветы и комнатные растения
TITgroup
LEXASOFT
Johnny Superb