Мевлана (Mevlana Exchange Programme) бағдарламасы бойынша Памукале Университетіне (Pamukkale University) (Түркия Республикасында) оқытушылар арасында «Түрік тілі мен әдебиеті», «Экономика», «Менеджмент», «Педагогика» ғылымдар бағыттарына 2020-2021 оқу жылына курстарға қатысу және дәріс оқыту мақсатымен конкурс жарияланады.


Өтініштер 2020 жылдың 12 наурызға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін меңгеру деңгейі В2-ден (6.0) кем болмауы.

Конкурсқа қатысу үшін өтінішті толтырып  (Academic Staff Information Form), (Academic Staff Mobility Programme) , паспорт көшірмесін (+ pdf форматтағы скан) Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет.

Толық ақпаратты ссылке немесе Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).