«Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешені» атты Халықаралық жазғы мектеп С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті базасында студенттермен магистранттар үшін 2020 жылғы 13-20 шілде аралығында

Отын-энергетика кешені Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында маңызды рөл атқарады. Қазақстан мұнай, газ, көмір, уран және жаңартылатын энергия көздерінің бай ресурстарына ие. ОЭК салаларының өнімдерін сатудан түскен кірістер Қазақстанның инфрақұрылымын белсенді дамытуға, озық технологиялардың трансферін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, экономиканың инновациялық дамуына ықпал етеді, еңбекке қабілетті халықтың едәуір бөлігінің жұмыспен қамтылуына кепілдік береді, әлеуметтік саланың дамуына ықпал етеді.

Жазғы мектеп қатысушылары Павлодар облысының отын-энергетикалық кешенінің негізгі кәсіпорындарымен танысады:

- мұнай өңдеу компаниялары («Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Нефтехим ltd» ЖШС, «МКҚҚ-ПВ» ЖШС),

- энергетикалық компаниялары («Еуразиялық энергетикалық корпорация» ЖШС, «ПавлодарЭнерго» ЖШС, Екібастұз ҚБЭС).

Сонымен қатар жазғы мектеп бағдарламасына кіреді:

- университет оқытушыларының практикалық дәрістері, кәсіпорындардан келген жетекші мамандардың мастер-кластары, кәсіпкерлік бойынша тренингтер;

- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің International Start Up Academy-де Павлодар облысының ОЭК кәсіпорындарында іс жүзінде қолдану бағыттары бойынша бизнес-кейстерді шешу*, бірлескен воркшоптар;

- Павлодар қаласының көрікті жерлеріне, Баянауылдың киелі жерлеріне шолу экскурсиясы.

Халықаралық жазғы мектепке қатысу құны 10000 Ресей рублі (160 АҚШ доллары), тұру, таңғы ас, қала бойынша трансфертті қамтиды.

Халықаралық жазғы мектеп аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар, университет имидждік кәдесыйлар алады.

Қатысу үшін толтырылған өтінімді, сондай-ақ паспорттың, студенттік билеттің, егу картасының сканерленген нұсқаларын электрондық пошта арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.

Халықаралық жазғы мектеп үшін төлем үшін деректемелер:

- ресей рублінде «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК БСН 990140004654, АҚ «Қазақстан Халық Банкі» БСК HSBKKZKX, ИИК KZ236010241000027996, КБЕ 16, «Халықаралық жазғы мектеп үшін»;

- теңгемен «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, БСН 990140004654, АҚ «Қазақстан Халық Банкі» БСК HSBKKZKX, ИИК KZ156010241000003308, КБЕ 16, КНП 861, «Халықаралық жазғы мектеп үшін».

Сұрақтар бойынша телефондар арқылы хабарласуға болады 8 (7182) 67-36-65 (іш. 11-82), 87076030281, 87056130659.

ХЖМ бағдарламасы

* тақырыпқа қатысты тапсырма 2-3 қатысушыдан тұратын топтың ісін құру үшін алдын-ала оқуға жіберіледі