2020 жылға академилялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражат бойынша шетелге (Еуропа елдеріне) оқуға баруға конкурсқа өтініштер қабылдау басталғаны туралы жариялаймыз. Конкурсқа 1, 2 және 3 курс студенттері қатыса алады. Конкурсқа қатысатын студенттердің оқу үлгерімі жоғары болуы міндетті, барлық оқу семестрлерінде «қанағаттанарлық» деген баға болмауы керек.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

1) ҚР азаматы паспортының көшірмесі; паспорт болмаған жағдайда жеке куәлік көшірмесі.

2) үлгерімі туралы транскрипт;

3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):

а) шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат (IELTS, TOEFL), бар болса;

b) шет тілі деңгейі бар студентті қабылдауға шетелдік ЖОО келісімі хат;

c) ПМУ-нің тестілеу нәтижесі (В2 деңгейінен төмен емес);

*Студентте а) немесе b) пункттарында белгіленген құжаттар болмаған жағдайда, студент 2020 жылдың 11 ақпанында ПМУ-де Академиялық ұтқырлық орталығында (260 каб.) сағат 15.30-да тесттен өте алады.

4) ҚР-нан шығу кезінде 18 жасқа жетпеген жағдайда, үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі;

5) студенттің көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

6) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін);

7) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Өтініштер 2020 жылдың 20 ақпанына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).