Құрметті оқытушылар!
Эрасмус+ бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-да оқытушылар арасында 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде 1 жұма бойы оқыту мақсатымен конкурс жарияланады.
Қабылдайтын ЖОО:
1) Пирей университеті (Грекия) – Информатика, Ақпараттық жүйелер, Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент, Маркетинг, Есеп және аудит, Әлеуметтік ғылымдар бағыттарына - 1 орын;
Өтініштер 2019 жылдың 4 желтоқсанға дейін қабылданады.
2) Вроцлав Ғылым және Технология университеті (Польша) –Сәулет, Құрылыс, Химиялық технологиялар, Химия, Электрэнергетикасы, Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Информатика, Жылу энергетикасы, Машина жасау, Математика бағыттарына - 1 орын.
Өтініштер 2019 жылдың 4 желтоқсанға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін меңгеру деңгейі В2-ден кем болмауы, шетел тілінде оқу курсының болуы және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы, ғылыми дәреженің болуы құпталады.
Конкурсқа қатысу үшін өтінішті толтырып Staff Mobility for Teaching - Пирей университеті (Грекия) и Staff Mobility for Teaching - Вроцлав Ғылым және Технология университеті (Польша) паспорт көшірмесін, ағылшын тілінде түйіндемемен бірге Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет.
Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).