Құрметті білім алушылар!
Эразмус+ бағдарламасы бойынша Пирей университетіне (The University of Piraeus) (Грекия) 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестрінде оқу үшін Информатика, Ақпараттық жүйелер, Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент, Есеп және аудит мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері арасында конкурс жарияланады.
Қабылданатын студент саны: 1
Пәндер тізімін сілтемеден көре аласыз.
Өтініштер 2019 жылдың 20 қарашаға дейін қабылданады.
Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В2-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.
Конкуста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: (Application Form - 1) өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты.
Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-85 (1205).