ПМУ БАЗАСЫНДА TRANSPARENCY KAZAKHSTAN ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Жемқорлыққа қарсы сауаттылық бойынша 43 адам оқыды.
ПМУ базасында TRANSPARENCY KAZAKHSTAN жемқорлыққа қарсы жазғы мектептің жұмысы аяқталды.
Қатысушылар қолданбалы құралдарды қолдану, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы стратегия мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, жемқорлықпен күресудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.
Жазғы мектептің тыңдаушылары қатарында журналистер, құқыққорғаушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, ірі кәсіпорындардың заңгерлері, мәслихат депутаттары мен әкімдер болды.