Құрметті білім алушылар!

Эрасмус+ бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының күзгі семестрінде оқуға 1, 2, 3 курс студенттері және 1 курс магистранттары (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша) арасында конкурс жарияланады:

1) Палацкий университеті (Palacky University), (Чехия) Математика, Биология, Экология, География, Физика мамандықтары арасында.

Қабылданатын білім алушылар саны: 44

Пәндер тізімін сілтемеден https://www.prf.upol.cz/en/study/#c19600. көре аласыз. Пәндерді қысқы семестрден (short-term courses) таңдау қажет.

2) Палацкий университеті (Palacky University), (Чехия) Математика, География, Физика, Биология, Экология мамандықтарының 1 курс магистранттары (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша) арасында 3 айлық оқуға және ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурс жариялайды.

Қабылданатын магистраннтар саны: 3

Өтініштер 2019 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.

Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В 2-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.

Конкуста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: (Application Form - 1) өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).