Құрметті әріптестер!

Ғылым мен бизнестегі белсенді жастар!

Жақын және алыс шетел ЖОО!

Сіздерді Халықаралық форумға қатысуға шақырамыз:

«БІЛІМДІ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ҮРДІСІН ЫНТАЛАНДЫРУ ҮШІН ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖАНДАНДЫРУ»

Іс-шараны өткізу мерзімі: 23 қазан, 2019 жыл

Форумды өткізу орны: Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті

Форумның ұйымдастырушылары:
- Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті
- С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Қатысуға қосылыңыз!

Халықаралық форум ЖОО жұмысындағы қазіргі жастардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметін дамытудың өзекті мәселелерін, оларды коммерцияландыру аспектілерін қозғайтын болады.

Форумның мақсаты: қазіргі заман ғалымдарының ғылыми ізденістері мен ғылыми көзқарастары негізінде қазіргі нарықтық жағдайларда білімді коммерцияландыру үрдісін ынталандыру үшін жастардың шығармашылық қызметін жандандырудың тиімді экономикалық және ұйымдастырушылық тетіктерін әзірлеу.

Форумның міндеттері:
- ғылыми қызығушылықтары бойынша клубтарды қалыптастыру;
- пікірталас алаңын ұйымдастыру;
- форумның ғылыми баяндамалар жинағын шығару;
- меморандумға, ынтымақтастық туралы шартқа қол қою

Байланыс деректері:

РФ, Москва қ, Стремянный тұйық көшесі, д.36 ФГБОУ ВО «Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті», «Инновационная экономика» ҒІИ, E-mail: , 8 (499)2378347, 8(916)3875880.

ҚР, Павлодар қ, Ломова, 64 С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Экономика» кафедрасы (419 каб.), E-mail: , 87015713674, 87057086305.