Құрметті студенттер (1 курстан басқа), магистранттар және докторанттар!

Латвия үкіметі Латвияның жоғары оқу орындарында оқуға стипендия ұсынады. Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялар бір оқу жылы - 10 айға дейін (магистранттар үшін - 11 айға дейін) қамтамасыз етіледі. Өтініштер (2019 жылғы қыркүйек / қазан айынан бастап оқытуға арналған шәкіртақылар) 2019 жылдың 22 наурызға дейін тапсырылуы тиіс.

Туриба университетінде оқу жылы:

- 1 курс студенттері және магистранттарына қазан айының бірінші аптасында басталады;

- 2, 3 және 4 курс студенттері және 2 курс магистранттарына қыркүйектің 1-ші аптасында басталады.

Оқу жылы маусым айының соңында аяқталады.

Өтініш формасымен бірге өтініш жүйесіне төмендегі құжаттарды тіркеу қажет:

1. Өмірбаяндық деректер (CV). Europass template: europass.cedefop.europa.eu

2. Мотивациялық хат (Латвияда немесе Отанда оқу саласымен байланысты оқудан тыс қызметті қоса алғанда, мысалы, кәсіптік ұйымдарда жұмыс істеу, ғылыми конференцияларға қатысу, халықаралық жобалар). Латвияда, нақты университетте және нақты оқу саласында оқуды таңдау үшін сіздің мақсатыңызды сипаттаңыз

3. Жоғары білім туралы дипломдардың қосымшаларымен көшірмелері немесе соңғы екі оқу семестрінің транскриптері (егер оқу аяқталмаса)

4.Соңғы алты ай ішінде қол қойылған оқытушылардың екі ұсынымдық хаттарының көшірмелері

5. Стипендияның әрекет ету мерзіміне оқу жоспары - сондай-ақ Turiba университетімен тіркеуден кейін ұсынылады

6. Паспорттың көшірмесі

7. Шетел тілін білуін растайтын сертификаттың немесе басқа құжаттың көшірмесі (TOEFL, IELTS)

8. Turiba университеті хатының көшірмесі

Өтініш беру тәртібі, құжаттар, құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі және стипендияға өтініш берудің онлайн-жүйесі туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы табуға болады. www.viaa.gov.lv/eng/
Толық ақпаратты Ақадемиялық ұтқырлық оралығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел. +7-(7182)-67-36-65 (1205).