ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Агротехнологиялық факультетінің құрылғанына 10 жыл толуына байланысты және бірінші декан ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Т.К. Бексеитовтың 60-жылдығына арналған «Инновациялар ‒ ауыл шаруашылығына» атты халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференция 2019 жылдың 1 науырызында өтеді. Конференция жұмысына қатысу үшін ғалымдар, оқытушылар, АӨК мамандары, докторанттар, магистранттар және студенттер (жетекшімен бірге) шақырылады.

Конференция барысында секциялық отырыстар өткізіледі, қорытындысы бойынша конференцияның қатысушыларына сертификаттар мен алғыс хаттар (жетекшілерге) табыс етіледі.

Толығырақ