Құрметті студенттер!

1) Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті сіздерді 2019 жылғы 08.01 -19.01 аралығында «Қысқы мектеп-2019» жұмысына қатысуға шақырады. Қатысушыларға тегін жатақхана беріледі. Қабылданатын мамандықтар тізімін және ұсынылатын курстарды сілтемеден
көре аласыз.

2) Ресей Федерациясы Президентінің мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясы (Новосібір қаласы) Экономика, Құқықтану, Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 2 және 3 курс студенттерін 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға шақырады. Қатысушыларға жатақхана ақылы түрде беріледі. Жатақхана құны айына 4 000 тенгеден артық емес.

3) Носібір мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (Новосібір қаласы) Құрылыс, Сәулет, Ақпараттық жүйелер, Менеджмент, Экономика, Стандартизация және сертификация мамандықтарының 2 және 3 курс студенттерін 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға шақырады. Қатысушыларға тегін жатақхана беріледі.Қабылданатын мамандықтар тізімін және ұсынылатын курстарды сілтемеден көре аласыз.

Бағдарламада қатысу үшін өтінішті және оқу келісімін толтырып өтініш және оқу келісімі. кафедра меңгерушісі мен факультет деканымен берілген ұсыныс хатты Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет.

Өтініштер 2018 жылдың 26 қарашасына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).