Құрметті оқытушылар!

Шетелдік ЖОО-да оқыту мақсатымен Эрасмус+ бағдарлама бойынша оқытушылар арасында 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде қатысу үшін конкурс жарияланады.

Қабылдайтын ЖОО:

1)Кастилия Ла-Манча университеті (Испания) – Инженерлік, шет тілі (ағылшын тілі) және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттарында 2 орын;

Өтініштер 2018 жылдың 30 қазанына дейін қабылданады.

2)Катовица экономикалық университеті (Польша) – маркетинг, менеджмент, экономика, информатика, ақпараттық-коммуникациялық бағыттарында 1 орын;

Өтініштер 2018 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.

3)Палацкий университеті (Чехия) – физика, математика, экология, биология, агрономия бағыттарында 4 орын;

Өтініштер 2018 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін меңгеру деңгейі В2-ден кем болмауы, шетел тілінде оқу курсының болуы және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы, ғылыми дәреженің болуы құпталады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінішті толтырып( Application Form - 1)ағылшын тілінде түйіндемемен бірге Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).