Эрасмус+ бағдарламасы бойынша 2018-2019 оқу жылының көктемгі семестрінде оқуға 2 және 3 курс студенттері және 1 курс магистранттары (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша) арасында конкурс жарияланады:

1) Кастилия Ла-Манча университетіне (The University of Castilla-La Mancha), (Испания) Шетел тілдер, Шетел филологиясы, Информатика, Ақпараттық жүйелер, Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Юриспруденция мамандықтары арасында.

Қабылданатын студент саны: 3
Пәндер тізімін сілтемеден көре аласыз. Пәндерді жазғы семестрден таңдау қажет.

2)Палацкий университеті (Palacky University), (Чехия) Математика, География, Физика мамандықтары арасында.

Қабылданатын студент саны: 5
Пәндер тізімін сілтемеден көре аласыз. Пәндерді жазғы семестрден таңдау қажет.

3)Палацкий университеті (Palacky University), (Чехия) Математика, География, Физика, Биология, Экология мамандықтарының 1 курс магистранттары (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша) арасында 3 айлық ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурс жариялайды.

Қабылданатын студент саны: 3
Өтініштер 2018 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.
Конкурска қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: Application Form - 1) өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты.

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).