С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 2018 жылдың 24-29 қыркүйегі аралығында біліктілік арттыру секторының базасында басқару стратегиясы, халықаралық жобалар, кәсіпкерлік және коммерциализациялау бойынша Халықаралық оқыту курстарын өткізетінін хабарлайды. Тренер Brunel University (Лондон, Ұлыбритания) Бизнес мектебінің профессоры, доктор Abrahаm Althonayan.

Курс тақырыптары:

- қаржыландырылған ғылыми жобаларға қатысуға өтінімдерді әзірлеу;

- зерттеу қорлары;;

- жобаларды коммерциализациялау және іске қосу үшін тиімді бастамалар;

- кәсіпкерлікті оқыту тәсілдеріне енгізу;

- іскерлік мәдениетті құру;

- стратегиялық менеджмент.

Оқу түрі – күндізгі. Оқудың көлемі 72 сағат (36 сағат күндізгі/36 сағат сырттай). Соңында курсқа қатысқанын растайтын құжат беріледі. Курс бағасы 10 000 теңге.

Қатысу тізімдерді 2018 жылдың 24 қыркүйегіне дейін  электрондық поштасы арқылы жіберулеріңізді өтінеміз.

Ақпарат 8 7182 67 36 57 (ішкі 1182), 8 707 6030281, 8 705 6130659 телефондар арқылы.