Құрметті студенттер, магистранттар және жас оқытушылар!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Shymkent Summer University 2018 (SSU) ашылуын жариялайды және келесі бағыттар бойынша SSU-да ұйымдастырылатын халықаралық жазғы мектептерге қатысуға шақырады:

1. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және қауіп-қатерді бағалау» халықаралық жазғы мектебі

2. «Мұнай техникасы» халықаралық жазғы мектебі

3. «Жерді қорғау» халықаралық жазғы мектебі

4. «Ақпараттық қауіпсіздік» халықаралық жазғы мектебі

Халықаралық жазғы мектептердің бағдарламасы бойынша Валенсия политехникалық университеті (Испания), Норвегияның Қолданбалы ғылымдар университеті (Норвегия), Прага химиялық технологиялар университеті (Чехия), Новис университеті (Италия) мен Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жетекші оқытушыларынан сабақтар және мастер-класстар өткізіледі. 

Қатысу құны: 17500 тг.

Жазғы мектептің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат беріледі.

Барлық сұрақтар бойынша АҰО-на хабарласыңыз (260 каб.), телефон: + 7-7182-67-36-65 (1205).