С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік унивреситетінде студенттер мен магистранттар арасында діни сауаттылықты арттыру бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кездесуді ұйымдастыруға философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мұрындық болды. 

Пікірталасқа Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің бас имамы Жолдас Бердімұратов, «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Нұрлан Қайырбеков, сонымен қатар, конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту және сараптама Орталығы ақпараттық жұмыс бөлімінің жетекшісі Зайда Асанбаева қатысты. 

Әңгімелесу форматында өткен кездесу барысында кез келген қатысушы қызықтырған сауалдарын қойып, ойларын ортаға салды. 

Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі филос.ғ.к, қауымдастырылған профессор (доцент) Майра Қожамжарованың айтуынша, дөңгелек үстелдегі негізгі идея – жастар арасында терроризм мен экстремизмді алдын алу. 

«Бү