#хочугрантпгу сайысы

#хочугрантпгу сайысының өткізу ережесі

1. Жалпы ережесі

Осы ереже #хочугрантпгу сайыстың өткізу статусын, міндетін, мазмұнын және тәртібін анықтайды (ары қарай – САЙЫС).

2. Сайыстың мақсаты және міндеті 

Мақсаты: С. Торайғыров атындағы ПМУ-ға мектеп түлектерін тарту.

Міндеті:

•С. Торайғыров атындағы ПМУ жайлы 11 сынып оқушыларының білімін кеңейту;

•ЖОО таңдаудағы талапкерлерді ынталандыру;

•Отандық университеттерге қатысушыларды тарту;

•ПМУ кәсіптік бағдар берудің жаңа әдістерін іздеу.

3. Сайыстың қатысушылары

Сайысқа 2018 жылдың 11 сынып түлектері қатысады. Жұмыс жеке дара болу керек. Бір түлектер бірнеше жұмыс қабылданады. 

4. Сайыстың мазмұны

Сайысқа #хочугрантпгу тақырыбындағы дайындалған роликтер қабылданады.

Роликте ПМУ-ды таңдау себебін нақтылап көрсету және де Павлодар мемлекеттік университетіне арналған мәліметтер көрсетілу керек.

Жұмыстың мазмұны тақырыпқа сәйкес болу керек.

5. Сайыстың өткізу тәртібі

Сайыстың кезеңдері:

1) Жалпы іріктеу: 2018 жылдың 01 мамырынан 01 маусымы аралығында өтеді. 

Instagram әлеуметтік желісінде #хочугрантпгу хештегпен ролик ораналстырылады. Әр қатысушы Instagramдағы @ psukz аккаунтына жазылып керек. Сайысқа қатысушының аккаунты ашық болу керек. 

2) екінші кезең – жартылай финал. 10 үздік жұмыс іріктеліп алынады. 2018 жылдың 01 маусымынан 15 маусым аралығында жүргізіледі.

3) Қорытынды кезең, жалпы дауыс беру 2018 жылдың 1-15 маусым аралығында ВКонтакте әлеуметтік желісінде жүргізіледі. Сайыстың қорытындысына марапаттау, жеңімпаздарды және қатысушыларды хабарлау енгізіледі.

6. Жұмыстың бағалау критерийлері

Роликті бағалауда әділқазылардың жетекшілікке алатын негізгі критерийлері ретінде:

1) жұмыстың тақырыпқа сәйкестігі және жұмыс тақырыбының ашылу деңгейі;

2) сюжеттің ерекшілігі;

3) эмоционалды әсер қалдыруы;

4) рәсімделудің стилдігі;

5) техникалық орындаудың  сапасы;

6) техникалық орындаудың күрделігігі.

7. Сайысқа түскен жұмыстардың талаптары

1) Жалпы талаптар.

Сайыс мәліметтері Instagram желісінде көрсетіледі,  #хочугрантпгу хештегімен

Сайыста көрсетілген мәліметтер Қазақстан Республикасының заңданамасына қарсы келмеу керек.

2) Сайысқа ұсынылатын шығармашылық жұмыс сайыскерлердің ПМУ кәсіптеріне терең қызығушылықты дәлелдейтін креативті мазмұнда болу керек. 

3) Жүлделі орынға үміткер ҚР жоғары оқу орындарына түсудің типтік ережелеріне сәйкес, ҰБТ-ның сертификаты болуы қажет.

8. Сайыс қорытындысын шығару 

ВКонтакте әлеуметтік желісінде дауыс беру негізінде іске асады.

1 орын – ПМУ* гранты;

2 орын – 1 курстың 1 семестріне 50% жеңілдік*;

3 орын – 1 курстың 1 семестріне 30% жеңілдік*.

 

*Мамандық қатысушының қалауы бойынша ПМУ-да бар  мамандықтарының тізімінен және университеттің құрастырылған академиялық ағымдарға байланысты (топтар) анықталады.

9. Сайыстың қорытындысы 

Сайыстың қорытындысы ПМУ-дың Ғылыми кеңес шешімімен бекітіледі, Ғылыми кеңестің шешімі үзінді көшірмесі ПМУ-ға қабылдау үшін негіздеме болып табылады.

 

Толық ақпарат  Павлодар қ., Ломов көш. 64, 128 кабинет С. Торайғыров атындағы ПМУ қабылдау комиссиясынан алуға болады. Тел. 8(7182)673773,673674  еmail