Құрметті студенттер!

Алматы технологиялық  универстеті (Алматы қ.) 2018 жылдың 04 мен 09 маусым аралығында студенттер мен магистранттарға азық-түлік өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлық және туризм индустриясы, машина жасау және ақпараттық технологиялар бағыттары бойынша «Жазғы мектеп» ұйымдастыратынын  хабарлайды. 

Жазғы мектеп қортындысы бойынша қатысушыларға сертификат беріледі.

Жазғы мектепке қатысу құны жатахана төлемімен бірге алғанда 15000 тг құрайды. Жол шығыны мен тамақтану шығындары қатысушының қаражатынан төленеді.

Ұсынылатын курстар жөніндегі толық ақпаратты келесі сілтемеден алуға болады: www.atu.kz.

Жазғы мектеп курстарына қатысқысы келетін білім алушылар www.atu.kz сайтында  өтініш толтырып, Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) өтініш бере алады.