Құрметті студенттер мен магистранттар!

Латвияның жетекші бизнес және туристік білім беру мекемелерінің бірі, Туриба университеті 31.07.2018 бастап 11.08.2018-ге дейін «Тұрақты даму», «Туризм», «Стратегиялық жоспарлау», «Мәдениетті жоспарлау және басқару» тақырыптарына қызығушылық танытқан студенттерге арналған Рига қаласында өтетін жазғы мектебіне қатысуға шақырады. Студенттер 18 жасқа толған мектеп түлектері болуы шарт.

Жазғы мектептің өткізілу тілі: ағылшын. Студенттер ағылшын тілінде еркін сөйлесе алуы тиіс.

Оқыту құны: 395 евро. Төлем ішіне тұру, тамақтану (тәулігіне 3 рет), саяхаттау және мектептің толық бағдарламасы - лекциялар мен семинарлар, экскурсиялар мен оқу турлары, қала ішіндегі қоғамдық көліктер, мәдени іс-шаралар қамтылады. Қосымша шығындар: Ригаға сапар, виза құны, сақтандыру.

Өтініштер үшін Туриба университетіне хабарласыңыз: Кристина Тиханова, . Қосымша ақпаратты осы сілтемеден таба аласыздар. www.turiba.lv/en/

Студенттерге стипендия алуға өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. Өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 04.05.2018.

Барлық сұрақтар бойынша АҰО-на хабарласыңыз (260 каб.), телефон: + 7-7182-67-36-65(1205).