Құрметті студенттер!

Вроцлав ғылым және техника университеті 2018 жылдың 02-27 шілдесі аралығында ұйымдастырылатын 3E+ Халықаралық жазғы мектебіне қатысуға шақырады. 3E+ 60 сағат интерактивті, шағын топтағы курстар ұсынады. Жазғы мектеп оқудың ұсынылған тақырыптар бойынша қарқынды, терең қарауды қамтамасыз етуге арналған.

3E+, сонымен қатар, поляк тілі мен мәдениеті бойынша курстар ұсынады. Дәрістерден соң әр күн сайын қалалық турлар, спорттық іс-шаралардан Вроцлав қаласының сыртында өткізілетін кең ауқымды сапарларға дейін кештер ұйымдастырылады.  Толығырақ мәліметті мына сілтемеден таба аласыздар. 

Өтініш беру үшін сайтына хабарласыңыз. Соңғы қабылдау мерзімі - 6 мамыр.

Құны: 795 евро (бағасына оқу, тұру, студенттік асханада түскі ас, қош келдіңіздер және қоштасу кештері, сапарлар, іс-шаралар, спорттық іс-шаралар және т.б. кіреді.).

Барлық сұрақтар бойынша АҰО-на хабарласыңыз (260 каб.), телефон: + 7-7182-67-36-65 (1205).