Назарбаев қоры трэвел-гранттарға байқау жариялады.

Байқауға қатысуға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорында  «Сапарларға арналған гранттар» дәстүрлі байқауы басталды. Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдерде жүргізілетін мамандандырылған іс-шараларға қатысуға грант беріледі.

Қатысу үшін гранттар бөлінеді: 

— жас қазақстандық мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, сонымен қатар шығармашылық ұжымдарға фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, шеберлік кластарына, биеналға және конференцияларға

— жас ғалымдар мен ЖОО студенттеріне ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конгресстерге қатысуға бөлінеді

Өтінім беру мерзімі: 22 қаңтар – 30 қараша 2018ж.

Гранттарды бөлу ережелері мен қатысуға өтінім: 

Жас ғалымдар үшін өтінім мен ережелерді жүктеп алу

Мәдениет пен өнер қайраткерлері үшін өтінім мен ережелерді жүктеп алу

Конкурсқа  Өтінімдерді 2018 жылдың 1-ші қарашаға дейін қағаз жүзінде ғылыми-әдістемелік бөлімінде қабылдайды  (№ 233 б, тел.12-08, 12-44).