Шығармашылық жобаларды қолдауға арналған гранттар байқауы.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы қоры мәдениет пен өнер саласындағы шығармашылық жобаларды қолдауға арналған жыл сайынғы байқау өткізеді.

Н.Назарбаев қоры Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау мен дамытуға бағытталған шығармашылық жобаларды қолдайды. Байқауға қатысуға кәсіби негізде мәдениет пен өнер саласында белсенді қызмет ететін 40 жастан аспайтын шығармашылық қызметкерлер шақырылады.

Жобалар мына критерийлер бойынша бағаланады: 

• Шығармашылық тәсілдердің жаңалығы мен сонылығы;

• Жобаны жүзеге асыру мерзімдері мен шығындар сметасының негізділігі.

Өтінім беру мерзімі:  1 ақпан- 31 қазан 2018ж. 

Шығармашылық жобаларға грант бөлу ережелері:  

Ережелерді жүктеп алу.

Конкурсқа  Өтінімдерді 2018 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін қағаз жүзінде ғылыми-әдістемелік бөлімінде қабылдайды  (№ 233 б, тел.12-08, 12-44).