С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Zakon.kz» желілік басылымы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «ҚазМЗУ» Университетімен бірлесе «Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары және конституциялық құқықтың қазіргі заманғы проблемалары» тақырыбына эссе жазудан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Құқық» мамандықтары тобы бойынша студенттері арасында  конкурс жариялайды.

Конкурстың бірінші кезеңі 2018 жылғы 13 сәуір - 25 мамыр аралығында өткізіледі (конкурстық жұмыстарды қабылдау).

Эсселерді 2018 жылғы 25 мамырға дейін келесі электрондық мекен-жайға жіберу қажет: .

Конкурстың өткізілу ережелерін сілтемеден жүктеуге болады.