Құрметті студенттер мен басқа да мүдделі тұлғалар,

Алматы қаласында орналасқан Қазақстан-Герман Университеті 2018 жылы 30 шілде мен 2018 жылғы 11 тамыз аралығында өтетін «Орталық Азиядағы өңірлік және трансұлттық ынтымақтастық» атты XVI Халықаралық Жазғы Университетке Германия мен Орталық Азияның студенттерімен жас ғалымдарын шақырады. Тегін оқыту. Курстар ағылшын тілінде өтеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2018 жылдың 15 мамырына дейін.

Қосымша ақпаратты тіркеу формасын http://ru.dku.kz/index.php?title=XVI_International_Summer_University  сайтынан табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7182) 673625, (11-94) телефоны немесе Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз, А-корпусы, 220 каб.