Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорында  «Сапарларға арналған гранттар» дәстүрлі байқауы басталды. Байқау жеңімпаздарына Қазақстан Республикасында, сондай-ақ шет елдерде жүргізілетін мамандандырылған іс-шараларға қатысуға грант беріледі.

Қатысу үшін гранттар бөлінеді:

— жас қазақстандық мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, сонымен қатар шығармашылық ұжымдарға фестивальдерге, байқауларға, симпозиумдарға, шеберлік кластарына, биеналға және конференцияларға

— жас ғалымдар мен ЖОО студенттеріне ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конгресстерге қатысуға бөлінеді

Байқауға қатысуға 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар және мәдениет пен өнер қайраткерлері шақырылады.

Өтінім беру мерзімі: 2018 жылғы 10 қарашасына дейін. 

Толығырақ.