Құрметті студенттер! 

Ноттингем Трент Университеті (Ұлыбритания) сіздерді 2018 жылғы 9 шілде - 3 тамыз аралығында  «Халықаралық жазғы мектеп 2018» жұмысына қатысуға шақырады және пәндердің кең ауқымын қамтитын 2,3 және 4 апталық аккредиттелген курстарды ұсынады. Ұсынылатын курстар.

Өтініштерді қабылдау мерзімі - 2018 жылдың 18 маусымы.

Оқу ақысы барлық оқу материалдарын, әлеуметтік және мәдени іс-шараларын, Ұлыбритания  айналасындағы саяхатын, Клифтон кампусында өткізілетін курстарға жергілікті саяхат билеттерін қамтиды.

Қосымша ақпарат www.ntu.ac.uk/globalsummer.

Толық  ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).