Құрметті студенттер мен басқа да мүдделі тұлғалар,

«Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы 2018-2019 оқу жылына арналған өтінімдер қабылдауын жариялайды. Осы бағдарлама аясында Венгрия тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 200 грант ұсынады:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша 90 грант (Өнер, гуманитарлық ғылымдар, Машина жасау, Ауыл шаруашылығы, Ақпараттық технологиялар, Туризм, Музыка, Славистика)

- магистратура бағдарламасы бойынша 90 грант (гуманитарлық және техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)

- докторлық бағдарлама бойынша 20 грант (барлық бағытта)

Осы гранттар бойынша ақпаратты www.stipendiumhungaricum.hu сайтында таба аласыз.

Грант келесі шығындарды қамтиды:

- тегін оқыту;

- бакалавриат пен магистратурада ай сайынғы стипендия 130 Еуро, докторантурада 450 Еуро;

- жатақханада тұру (немесе жалға алынған үй-жайға шамамен 130 Еуро);

- медициналық сақтандыру.

Қалған шығындарды грант иегерлері өз тарабынан төлейді.

Үміткерлер онлайн тәртібінде https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ сайтында тіркелуі тиіс.

Венгерлік сайтында онлайн режимде тіркелу мерзімі – 2018 жылғы 16 ақпан және құжаттар пакетін қабылдау мерзімі – 2018 жылғы 23 ақпан.

Сұрақтар бойынша 251 кабинетінде білуге болады.