Құрметті студенттер мен басқа да мүдделі тұлғалар,

Британ академиясы «Шақырылған профессор» бағдарламасының жаңа қаржыландыру схемасын іске қосу туралы жариялайды. Бағдарлама ғалымдарға британдық жоғары оқу орнында немесе кез-келген ғылыми орталықтарда 6 айға дейін болу мүмкіндігін береді. Бағдарлама шеңберінде келуші профессор британдық әріптесімен жұмыс істейтін мекемеден немесе  ғылыми-зерттеу орталығынан  жаңа бірлескен зерттеулерді дамытуға және/немесе бар серіктестікті тереңдетуге көмектеседі. Шәкіртақы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ғалымдарға, сондай-ақ ғылыми, медициналық және техникалық салаларды пәнаралық зерттеулермен айналысатын ғалымдарға арналған.

Сұрақтар бойынша +44 (0) 20 7969 5220 телефоны немесе   поштасы арқылы хабарласа аласыз.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз, А-корпусы, 251 каб.