С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Алаш қозғалысы және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алаш автономиясының 100 жылдық мерейтойының құрметіне өткізілді.

Дөңгелек үстелге университет ғалымдары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, саяси қайраткерлер, қоғам өкілдері мен студенттер қатысты.

Қазақ тілі мен журналистика кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Айман Зейнулина, ф.ғ.к. Әмірбек Трушев және тарих кафедрасының аға оқытушысы Аслан Азербаевтар Алаш зиялыларының ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді дамыту жолындағы қызметі, сондай-ақ Алаш билігінің моральдық негіздері туралы әңгімеледі. 

Жиынға қатысушылар Алаш қозғалысы мен автономия тарихын және оның қазіргі заманғы Қазақстандағы өзектілігін зерттеу перспективасына ерекше назар аударды.

Қазақстан тарихы және мәдениеті институтының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталов Алаш автономиясы идеясының бастамашылары мен ізбасарлары біз үшін патриотизмнің шынайы үлгісі болып табылатынын атап өтті.