Құрметті студенттер!

Эрасмус+ бағдарлама бойынша Кастилия Ла-Манча университеті (University of Castilla-La Mancha, Испания) 2017-2018 оқу жылының көктемгі семестрде оқу үшін Шетел тілдер, Шетел филологиясы, Информатика, Ақпараттық жүйелер, Машина жасау мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері арасында конкурс жарияланады. 

Пәндер тізімін сілтемеден көре аласыз. 

Өтініштер 2017 жылдың 12 желтоқсанға дейін қабылданады. 

Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.

Конкурста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: Application Form - 1өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты. Толық құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб) тапсыру керек.

Толық  ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).