Құрметті студенттер мен басқа да мүдделі тұлғалар,

Global UGRAD 2018-2019 бағдарламасына өтінімдер қабылдау ашық

UGRAD бағдарламасы АҚШ-та күндізгі оқу үшін бір академиялық семестрге оқуға стипендия береді.

Global UGRAD бағдарламасы студенттерге келесі мүмкіндіктер береді:

• Америка Құрама Штаттарындағы университеттен немесе колледжден академиялық дәреже алмай 1 академиялық семестрге дайындалу;

• Құрама Штаттарда мәдени және білім  тәжірибесін алу;

• Американың мәдениеті мен құндылықтарын жақсы меңгеру, сондай-ақ олардың білімдері мен дағдыларын кеңейту.

Бағдарламаға қатысу үшін өтінім пакеті

1. Толтырылған онлайн сауалнама;

2. Мотивациялық және тақырыптық эссе. 

3. Төлқұжат көшірмесі;

4. Университетте оқыған жылдар аралығында ағылшын тіліне аударылған академиялық транскриптер (студент өзі аударған транскриптті қоса алуына болады);

5. Екі ұсыныс хаты (ағылшын тіліне аударылған).

Өтініштердің соңғы мерзімі

Кеш тапсырылған немесе толық емес өтініштер қарастырылмайды. Өтінімдер Интернет арқылы 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін жіберілуі тиіс. Конкурстық іріктеуден сәтті өткен үміткерлер 2018 жылдың мамыр айында хабарланады. Global UGRAD бағдарламасына қатысу үшін, Сіз www.worldlearning.org/ugrad  тіркелуіңіз керек. 

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз, А-корпусы, 251 каб.