Құрметті оқытушылар!

Шетелдік ЖОО-да төменде келтірілген мамандықтарды оқытудың мақсатымен Эрасмус + бағдарлама бойынша оқытушылар үшін конкурс жарияланады. 

1) Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік есеп және аудит, Менеджмент бағытында.

Қабылдайтын ЖОО: Катовица экономикалық университеті (University of Economics in Katowice) (Польша)  - 2 орын.

2) Биотехнология, Химия, Химиялық технология, Ақпараттық жүйелер/технологиялар, Архитектура,Құрылыс, Математика, Машина жасау, Автоматизация және басқару, Жылуэнергетикасы, Электрэнергетикасы, Экология, Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

Қабылдайтын ЖОО: Лодз технологиялық университеті  (Lodz University of technology), (Польша)  - 1 орын.

Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін меңгеру деңгейі В2-ден кем болмауы, шетел тілінде оқу курсының болуы және ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы,  ғылыми дәреженің болуы құпталады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінішті толтыру қажет (Mobility Agreement for teaching) және ағылшын тілінде оқылатын пән бағдарламасын (Syllabus) эл.нұсқада ұсыну қажет.

Өтініштер 2017 жылдың 30 қарашаға дейін қабылданады. Ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).