Құрметті студенттер!

Эрасмус+ бағдарламасы бойынша Вроцлав ғылым және техника университетіне (Wroclaw University of Science and Technology) (Польша) 2017-2018 оқу жылының көктемгі семестрде оқу үшін 2 және 3 курс студенттері арасында конкурс жарияланады.

Мамандықтар тізімі сәулет, құрылыс, автоматтандыру және басқару, химия, аспап жасау, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, информатика, ақпараттық жүйелер, машина жасау, математика және қолданбалы математика. Мамандықтардың тізімін сілтемеден көре аласыз.

Бағдарламада қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялык, көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.

Өтініштер 2017 жылдың 13 қарашаға дейін қабылданады.

Конкуста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: (Application Form - 1) өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты. 

Толық ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).