Құрметті студенттер!

Эрасмус+ бағдарламасы бойынша Еуропалық гуманитарлық университетіне (European Humanitarian University) (Литва) 2017-2018 оқу жылының көктемгі семестрде оқу үшін Журналистика, Мәдениеттану, Саясаттану және Құқықтану мамандықтарының 2 және 3 курс студенттері арасында конкурс жарияланады. 

Пәндер тізімін сілтемеден көре аласыз. 

Өтініштер 2017 жылдың 13 қазанға дейін қабылданады. 

Конкурста қатысу үшін қойылатын талаптар: шетел тілін еркін меңгеру (ағылшын тілі), шетел тілдің деңгейі В1-ден кем болмауы (сертификаттың бар болуы), «А», «А-», «В+», «В», «В-» академиялық көреткіштеріне ие болуы міндетті, марапаттау парақтарының болуы құпталады.

Конкуста қатысу үшін төменде көрсетілген құжаттарды Академиялық ұтқырлық орталығына (260 каб.) тапсыру қажет: (Application Form - 1) өтініші, Learning Agreement таңдаған пәндер тізімімен, ағылшын тілінде мотивациялық хат, ағылшын тілінің сертификаты, орыс және ағылшын тілдерінде транскрипттар, паспорт (көшірмесі + pdf форматтағы скан), декан факультетінің және/немесе кафедра меңгерушісінен ұсыныс хаты. 

Толық  ақпаратты Академиялық ұтқырлық орталығынан ала аласыз (260 каб) немесе тел.: +7-7182-67-36-65 (1205).