С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 10 қарашасында ветеринария ғылымдарының докторы, профессор З. Қ. Тоқаевтің 75 жылдығына арналған «Аграрлық ғылым – мал шаруашылығының дамуына» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер (жетекшісімен бірге) шақырылады.

Мақаланың қабылданған немесе қабылданбағаны туралы шешім 2017 жылдың 23 қазанына дейін Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.

Мақаланың жинақ басылымына қабылдануы мақұлданған жағдайда тіркеу жарнасының құны «Қазақстан Халық Банкі», «Еуразиялық банкі» жергілікті бөлімшелері арқылы төленуі тиіс. Төленген туралы түбіртектің электрондық көшірмесін үш күн ішінде жауапты хатшының электрондық поштасына жіберуіңіз тиіс. Ғалымдар үшін жинақтың бағасы - 3000 теңге, магистранттарға, студенттерге – 2500 теңге, ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге. Жарна әрбір мақала үшін міндетті түрде төленуі тиіс. Төлеу кезінде түбіртекте «Аграрлық ғылым – мал шаруашылығының дамуына» деген белгі жасау қажет.

Жинақты алу кезінде төленген туралы түбіртектің түпнұсқасын көрсету қажет. Басқа қала қатысушылары жинақты алу мәселесі бойынша төменде көрсетілген ұйымдастыру комитетінің телефонына хабарласу қажет. 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті), тел.: 8 (718-2) 67-36-83 (ішкі: 11-12, 11-14), ұялы тел. 8 705 409 10 26.

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және қонақ үйге өтінімді 2017 жылдың 25 қазанына  дейін хабарлауыңызды сұраймыз. 

Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен. [Толығырақ]