ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 

ҚҰРМЕТТІ  ӘРІПТЕСТЕР!

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 22 қыркүйегінде Жұмат Тұрғынбайұлы Шанинның 125 жылдығына арналған «Театр. Мәдениет. Руханият. Қазіргі заман» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер (жетекшісімен бірге) шақырылады.

Cіз ұсынған мақала жоғарыда көрсетілген талаптарға сай рәсімделіп және мұқият редакциялануы қажет. Жауапты хатшы аталған талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақалалардың қабылдануы жөніндегі ақпарат 2017 жылдың 18 қыркүйегіне дейін Сіздің электрондық адресіңізге жіберілетін болады.

Мақаланың жинақ басылымына қабылдануы мақұлданған жағдайда тіркеу жарнасының құны «Қазақстан Халық Банкі», «Еуразиялық банкі» жергілікті бөлімшелері арқылы төленуі тиіс. Төленген туралы түбіртектің электрондық көшірмесін үш күн ішінде жауапты хатшының электрондық поштасына жіберуіңіз тиіс. Ғалымдар үшін жинақтың бағасы - 3000 теңге, магистранттарға, студенттерге – 2500 теңге, ТМД және алыс шет елдердің қатысушылары үшін – 3000 теңге. Жарна әрбір мақала үшін міндетті түрде төленуі тиіс. Төлеу кезінде түбіртекте «Конференцияға қатысу үшін» деген белгі жасау қажет.

Жинақты алу кезінде төленген туралы түбіртектің түпнұсқасын көрсету қажет. Басқа қала қатысушылары жинақты алу мәселесі бойынша төменде көрсетілген ұйымдастыру комитетінің телефонына хабарласу қажет. 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс контактілері: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С. Торайғыров атындағы ПМУ, Ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру бөлімі (А-238а кабинеті), тел.: 8 (718-2) 67-36-83, 8-705-409-10-26 (ішкі: 11-12, 11-14).

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және қонақ үйге өтінімді 2017 жылдың 15 қыркүйегіне дейін хабарлауыңызды сұраймыз.[Толығырақ]