Сіздерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының ұйымдастыруымен өтетін Алаш қозғалысы және Алаш Орда үкіметінің 100-жылдық мерейтойына арналған «Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция 2017 жылғы қараша айының 24 күні, сағат 10:00-де Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өтеді.[Толығырақ]