Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылыми және мемлекеттік ғылыми стипендия саласындағы жүлделерге конкурс жариялайды:

1) Қ.И.Сатпаев атындағы жүлде жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін;

2) Ш.Ш.Уалиханов атындағы жүлде гуманитарлық ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулер үшін;

3) А.И. Бараев атындағы 3 ( бірінші, екінші, үшінші) жүлде ғылыми зерттеулер және аграрлық ғылым саласындағы жұмыстар үшін

4) Ы. Алтынсарин атындағы жүлде үздік педагогика саласындағы ғылыми жұмыстар үшін;

5) Күлтегін атындағы жүлде түркология саласындағы үздік жетістіктер үшін;

6) Д.А. Қонаев атындағы жүлде жас ғалымдарға жаратылыстану бағытындағы ғылыми жұмыстары үшін;

7) М.О. Әуезов атындағы жүлде жас ғалымдарға гуманитарлық ғылыми жұмыстары үшін;

8) 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, сонымен қатар 50 мемлекеттік ғылыми стипендия 35 жас арылғындағы дарынды жас ғалымдарға.

Осы талаптарға сәйкес шығарылған құжаттар мен материалдар 2017 жылдың 22 қыркүйегіне дейін Ғылми зерттеулерді коммерциализациялау бөлімінде қабылданады. (А-233А каб. 12-35 ішкі)

Конкурсқа кіруді жүктеңіз.